Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылы наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы 14 ақпан күні Тоғызтарау, Ерназар, Өрнек, Қаракемер ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесу өткізеді.
Тоғызтарау ауылдық клубы, сағат 10:00
Ерназар ауылдық Мәдениет үйі, сағат 11:00
Өрнек ауылдық Мәдениет үйі, сағат 12:00
Қаракемер ауылдық клубы, сағат 15:00
Кездесуде аудан басшысы тұрғындар өтінішіне сәйкес өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы жүзеге асырылатын жобалар туралы айтып, ауыл азаматтарының талап-тілегіне назар аударады.