Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарында

2023 жылдың ІV тоқсанында  

 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің талдау анықтамасы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
бекітілген Тізілімге сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.     

           Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2023 жылдың ІV тоқсанында мерзім бұзу дерегі болмады.

ЖАО ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есептік мерзімде 1  ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп,
1 жергілікті атқарушы органдар қамтылды (01 нысан).

Нәтижесінде бұзушылықтар анықталмады.

Есепті мерзім ішінде ЖАО қызмет берушілері 2 (жеке тұлға – 2) қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сай келмеуі, құжаттар топтамасының толық болмауы немесе дұрыс толтырылмауы болды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзім бұзу  фактісі орын алмады. 

2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

Есепті мерзімде ЖАО тарапынан 20190 адамды қамтыған 53 іс-шаралар өткізді.

2023 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 21 мемлекеттік  қызметкерлер өтті.

 

Дата публикации
29 января 2024