Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылдың 22 желтоқсанындағы "2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" №13-2 шешімі

село Аса       село Аса

 

(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізіліміндегі нөмірі №190675. 26.12.2023 жыл)

 

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет  кодексінің 75-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –  12 855 570 мың теңге;

салықтық түсімдер –  5 554 005 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  24 300 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 104 300  мың теңге;

трансферттер түсімі –  7 172 965 мың теңге;

2) шығындар –  12 856 413 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 57 238 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 81 224 мың теңге; 

бюджеттік кредиттерді өтеу – 23 986 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -58 081 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 58 081  мың теңге;

қарыздар түсімі – 81 224 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 23 143 мың теңге;

бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы – 0 мың теңге.

  1. 2024 жылға ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін трансферттердің бөлінуі Жамбыл ауданы әкімінің қаулысы негізінде айқындалады.
  2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 510 бабының 1 тармағына сәйкес 2023-2025 жылдарға жер салығының ставкаларын Салық кодексінің 505, 506 және 531 бабының 5 тармағында белгіленген тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерді 50 пайызға жоғарылату белгіленсін.
  3. 2024 жылға аудандық жергілікті атқарушы органының резерв 50 000 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
  4. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы

 

 

М. Шайдаев

 

 

 

Дата публикации
22 января 2024