Жамбыл ауданы Көлқайнар және Қаракемер ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды
ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Көлқайнар және Қаракемер ауылдық округіне әкімдікке ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Көлқайнар ауылдық округіне Жарасбаев Самат Хожамуратович, 1990 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Көлқайнар ауылдық округіне Конаров Асылбек Серикович, 1972 жылы туған, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Тастөбе ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;
Көлқайнар ауылдық округіне Сырлыбаев Аскар Бахытович, 1982 жылы туған, Жамбыл аудандық музейінің директоры, Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Қаракемер ауылдық округіне Ауелбаев Жанибек Алимбаевич, 1974 жылы туған, Қаракемер ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қаракемер ауылдық округіне Нәсіпбекұлы Береке, 1993 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қаракемер ауылдық округіне Нускабеков Багдат Аскарович, 1989 жылы туған, Бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының директоры, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы