Жамбыл ауданының Көлқайнар және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының шешімі

№2

03.01.2024 ж.

 

 

Жамбыл ауданының Көлқайнар және Қаракемер ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жамбыл ауданында 2024жылғы 11ақпанға сайлау тағайындалсын:

- Көлқайнар ауылдық округінің әкімі;

- Қаракемер ауылдық округінің әкімі.

  1. 2024жылғы 11ақпанға тағайындалған Жамбыл ауданының Көлқайнар және Қаракемер  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  2. Осы шешім Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы С.Дадабаев

 

 

Комиссия хатшысы О.Затыбеков

Дата публикации
04 января 2024