|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Орындалуына жауаптылар |
Орындалуы |
|
1. |
Бесағаш ауылындағы егіншілік, жайылым жерлердің жетіспеуіне байланысты «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің Жамбыл филиалының егіншілік жерін ауыл тұрғындарының иелігіне қайтару жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Көпбосынов, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
2023-2025 жылдары аралығында 50 га жерді пайдалануға 3 жақты меморандум жасалған. Қазіргі таңда 20 гектар жүгері, 30 гектар арпа егілген. Тапсырма орындалды. |
|
2. |
Ерназар ауылдық округін ағын сумен қамтамасыз ету үшін «Сұлукөл» су қоймасын толтыру мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс беру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің басшысы Н.Ергебеков, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
«Сұлукөл» су қоймасына 2,5 млн. м³ су жиналып, егіс алқаптарына босатылған. Тапсырма орындалды. |
|
3. |
Талас ауданы әкімдігімен бірлесіп тұрғындарға Аса өзенінің бойындағы гидротехникалық имарат арқылы бірінші кезекте Билікөл көліне қажетті су көлемі жинақталатындығы, кейіннен Ақкөл көліне артылған су көлемі босатылатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Жамбыл, Талас ауданының тұрғындарымен өзен бойындағы гидротехникалық имараттың мақсаты түсіндірілген кездесу өткен. Тапсырма орындалды. |
|
4. |
Ақбастау ауылдық округінің аумағында орналасқан иесіз табиғи тоғандарды заңдастыру |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Ақбастау ауылдық округіндегі иесіз жатқан 3 тоған анықталып, тоғандарға «Майлыбай», «Нұржау», «Жайылға» атауларымен құжаттары заңдастырылды. Мемлекеттік актілері алынып, Әділет басқармасына тіркелді. Тапсырма орындалды. |
|
5. |
«Ауыл аманаты» жобасының талап ережелерін тұрғындарға кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. Бұл бағытта Қарасу ауылдық округінің әкімі тұрғындармен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, мәселелерін шешуді ұйымастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков, «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ БК төрағасы Д.Әбілхайыров, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Ауыл тұрғындарымен бірнеше жиналыстар және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 шілде күні облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Тараз» ӘКК» АҚ өкілдері және аудан әкімінің орынбасары Е.Жиенқұловтың қатысуымен жиын өткізіліп, несиені шоттан шешіп алу мәселесі қаралған. «Тараз» ӘКК» АҚ-ның мамандары тарапынан "Несие ұсыну" шартының 2 тармағына (Несие беру шарттары) сәйкес, сенім білдірген өкілдін шотына тікелей ақша аудару жолымен жүргізілетіндігі бойынша түсініктеме берілді. Бүгінгі күнде 97 аула тұрғыны 611,115 млн теңге несие алды. Тапсырма орындалды. |
|
6. |
«Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп ауыл тұрғындарына жайылым жерлерді пайдалану жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
«Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес жергілікті қоғамдастықпен бірлесіп ауыл тұрғындарына жайылым жерлерді пайдалану жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілд. Нәтижесінде «Бесағаш-Ынтымақ» шаруа қожалығының 5,0 мың гектар жерін шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының мал жайылымы ретінде пайдалануға меморандум жасалынды. Тапсырма орындалды. |
|
7. |
Бесағаш ауылының тұрғыны Н.Ахметовтің балық шаруашылығымен айналысуына жәрдем көрсету |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
Бесағаш ауылының тұрғыны Н.Ахметовтің балық шаруашылығымен айналысуына әкімшілік тарапынан көмектер көрсетіліп, «Бесағаш-Ынтымақ» шаруа қожалығымен келістіріп, шаруа қожалық жерінен келісім арқылы 0,15 га жер берілді. Кәсіпкер тарапынан жеке қаражатына 4 бассейн құрылысын жүргізді. Қазіргі таңда электр қуатын жүргізуде. Жыл соңына дейін балық өсіру жұмыстарын толық бастайды. Тапсырма орындалды. |
|
8. |
Қаржыландыру мүмкіндігіне қарай 2023 жылы Ерназар ауылдық округін «Ауыл аманаты» жобасына ұсыну және жеке кәсібін дамытуға ниетті тұрғындарға қолдау көрсету |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ауданда «Ауыл аманаты» жобасы келесі кезеңіне іске асырылатын Ерназар, Ақбастау, Көлқайнар және Аса ауылдық округтері туралы толық ақпарат облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылды. Тапсырма орындалды. |
|
9. |
Елді мекеннен 5 шақырым радиуста орналасқан жерлерді қайтару арқылы жайылым жер жетіспеушілігі мәселесін шешу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Көпбосынов (жинақтау), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қ.Тоғызбаев, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Елдімекен жегінен 5 км радиуста орналасқан 4 шаруа қожалыққа (Ж.Нурбаев, Л.Узенбаев, Б.Рахманкулова және Е.Сматов) барлығы 754,7 гектар жайылым жерлерін ауылдық округ баланысына қайтару керектігі жөнінде ескерту хабарламалар беріліп, қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қарасу ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы малдарын қамтамасыз ету үшін барлығы 25 260 гектар жайылымдық жерлер бар. Елді мекен шегінде 2 015 гектар жайылым бар. Қарасу ауылдық округі әкімімен ауылдық округтегі «Пионер» өндірістік кооперативінің төрағасы және «Атамұра» шаруа қожалығының басшысы арасында мал жаю үшін шаруаларға тиісілі жерге мемарандум жасалынып, жайылым жер жетіспеушілік мәселесі шешілді. Тапсырма орындалды. |
|
10. |
Ш.Ниязбеков ауылының мал жайылым жерлері мен аулаларындағы және үй жануарларының қораларын кенеге қарсы дәрілеуге заң талаптарына сәйкес ақылы түрде арнайы техникалармен ветеринариялық көмектер көрсету |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Жамбыл облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Н.Құрмантаев (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ш.Ниязбеков ауылының мал жайылым жерлеріне және ауладағы қора-жайларға «Жамбыл ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК арқылы дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Тапсырма орындалды. |
|
11. |
«Сұлтан» каналын «Қазсушар» РМК теңгеріміне өткізіп, Тоғызтарау ауылдық округінің шаруа қожалықтарына ағын су беруге шлюз орнату мүмкіндігін қарастыру
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Тоғызтарау ауылында Аса өзенінің бойынан гидротехникалық имарат құрылысы аяқталғаннан кейін «Сұлтан» каналын «Қазсушар» РМК теңгеріміне өткізіледі. Тоғызтарау ауылдық округінің шаруа қожалықтарына ағын су беруге шлюз орнату үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 3,2 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «Мекен жай Тараз» ЖШС-і жеңімпаз атанып, жұмыстар толық аяқталды. Тапсырма орындалды. |
|
12. |
Өрнек ауылындағы №17 Жамбыл колледжінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және оқу-өндірістік шеберханасы, жатаханасы мен асханасына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесін зерделеп, ұсыныс беру. |
Облыс әкімінің орынбасары облыс әкімдігінің білім басқармасы |
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты №17 Жамбыл колледжінің оқу өндірістік шеберханасы, асхана және жатақхана ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындауға 14 991,0 мың теңге бөлініп, конкурс жарияланып жеңімпаз «TS-Smart Construction» ЖШС-і анықталып, 12 412,0 мың теңгеге келісім-шартқа отырып, бүгінгі күнге жұмыстар жүргізілуде. Материалдық-техникалық базаны жаңартуға 401 263,0 мың теңгеге 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді. Тапсырма орындалды. |
|
13. |
Жалпақтөбе ауылы Жалпақтөбе көшесінен В.Чкалов атындағы орта мектебіне өтетін жерге оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату |
Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Саурықов, облыстық полиция департаменті (келісім бойынша), «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалы (келісімі бойынша), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Аталған жол бөлігіне жаяу жүргіншілерге (оқушыларға) арналған бағдаршам орнатылды. (Мердігері «N-Stroy Group» ЖШС. Құны 3,3 млн теңге). Тапсырма орындалды. |
|
14. |
Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлы жол көшесін, Түрксіб ауылындағы Р.Рүстембеков көшесін жөндеу жұмыстарына облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлы жол көшесін (103 млн), Түрксіб ауылындағы Р.Рүстембеков көшесін (53,4 млн) орта жөндеуге қаражаты бөлінді. Құрылыс жұмыстары аяқталды. Тапсырма орындалды. |
|
15. |
Түрксіб ауылындағы Р.Рүстембеков көшесіндегі ауыз су жүргізу кезінде қазылған жерлерді мердігер тарапынан қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Кемшілік мердігер тарапынан толық қалпына келтірілді. Тапсырма орындалды. |
|
16. |
Ерназар ауылындағы ауыз су жүйесін жаңғырту жобасына бюджеттік өтінім ұсыну |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ауыз сумен қамту жобасына энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Жоба құны 614,3 млн теңге. Тапсырма орындалды. |
|
17. |
Жаңаөткел ауылының ауыз су жүйесі құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Бюджеттік өтінім ұсынылды. Жоба құны 379,2 мың теңге. Қаржыландыру күтілуде. Тапсырма орындалды. |
|
18. |
Шайқорық ауылының маңындағы «Казфосфат» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар өңдеу зауытынан шыққан түтіннің зияндылығын Тараз қаласындағы 3 (үш) жылжымайтын және 1 (бір) жылжымалы лаборторияға тексерту |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс бойынша экология департаментінің басшысы А.Латыпов (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Шайқорық ауылының маңындағы «Казфосфат» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар өңдеу зауытынан шыққан түтіннің зияндылығын тексеру бойынша Жамбыл облысы бойынша экология департаментіне ауылдық округі әкімі тарапынан хат жолданып, лабороториядан адамдар келіп, жүргізіп, талапқа сай екенін хабарлады. Тапсырма орындалды. |
|
19. |
Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне талдау жүргізіп, құрылыс жұмыстары жүргізілмеген жерлерді заңнама талаптарына сәйкес қайтару жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
2021-2022 жылдары 1799 жер учаскелері берілген. 3 жыл ішінде құрылыс жұмыстары жүргізілмеген жағдайда заң талаптарымен мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілетіні туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Тапсырма орындалды. |
|
20. |
Бесағаш ауылындағы мектеп көшесін асфальттау |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
2023 жылы Абай орта мектебіне баратын 3 (М.Әуезов, О.Қарсақов, Бесағаш) көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. («Рауан» ЖШС). Жұмыстар толық аяқталды. Тапсырма орындалды. |
|
21. |
Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат ауылдарына табиғи газбен қамтамасыз ету жобасын зерделеп, қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныс беру |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Тоғызтарау ауылдық округі Тоғызтарау, Жаңаөткел және Құмсуат ауылдарына дейінгі магистральді газ желісін жүргізуге жобалаушы мердігер «ТаразТау Жоба» ЖШС.(19303,0 мың теңге). Жобалық құжаттамасы толығымен әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бюджетке өтінім ұсынылды (Жоба құны 449,7 млн теңге). Тапсырма орындалды. |
|
22. |
Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп Ерназар ауылы ішімен жүк көліктерінің қатынауын шектеу, жүк көліктері үшін айналма жолды қалпына келтіріп, жол белгілерін орнату |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Саурықов, облыстық полиция департаменті (келісім бойынша), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп зерделенген. Ауыл ішімен жүк көліктерінің жылдамдығын шектеу жол белгілері орнатылған. Қосымша жол кедергілері орнатылды. Айналма жол салу мәселесі зерделеніп, сметалық жобасы дайындалып, 2024 жылға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Тапсырма орындалды. |
|
23. |
Ш.Ниязбеков ауылындағы ауыз су құдықтарының қақпақтарын толық бекіту |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Аудан әкімдігі тарапынан Ш.Ниязбеков ауылына құдық қақпақтары бойынша толық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, талапқа сәйкес 32 қақпақ орнатылды. Тапсырма орындалды. |
|
24. |
Ш.Ниязбеков-Қапал ауылдарының арасындағы аудандық мәндегі жолдың жөндеу жұмыстарын аяқтау |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Аудандық маңызы бар «Қапал-Ш.Ниязбеков» автомобиль жолын орта жөндеуге аудан бюджетінен 80 811,0 мың теңге бөлінген. Конкурс жеңімпазы «Тараз Көлік жолы» ЖШС-гі. Келісім шарт құны 64 184,8 мың теңге. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қазіргі таңда пайдалануға берілді. Тапсырма орындалды. |
|
25. |
Жамбыл ауылдық округі аумағыннан өтетін «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жол бойынан Ш.Ниязбеков ауылына бұрылатын бұрылысынан Аса-Ақкөл бағытындағы жолға дейін жылдамдықты асырмайтын жол белгілерін орнату |
Облыс әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы А.Баймурзин, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Сауруқов (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Облыс аумағында жол-қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз eтy мақсатында Полиция департаментінің ӘПБ тарапынан 2021 жылдың 04-қазан айындағы шығыс № 5555/3320-и санымен жолданған ұйғарымдамасына сәйкес «Алматы- Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Тараз каласының жаңа айналма жолы» учаскесінің 477+100; 480+600; 485; 489; 492: 500; 503: 504-500; 511; 517; 519; 524+100: 529 шақырымдарына 3.24 (100) «Максималды жылдамдыкты шектеу» жол белгілері орнатылған. Осыған орай, қосымша 3.24 жол белгісін орнату қажеттілігі жок екендігін назарыңызға жеткізеді. Аталған бағытқа Ш.Ниязбеков ауылы маңындағы жол учаскесі кіреді. Тапсырма орындалды. |
|
26. |
Қоңыртөбе ауылында орта жөндеуден өткен жолдың сапасын зерделеп, ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
2018-2020 жылдары Жамбыл ауылдық округінде Қапал, Шайқорық, Қоңыртөбе ауылдарын ауыз сумен қамту топтастырылған ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын «Баймен» ЖШС-гі жүргізген. Тапсырыс беруші «Казсушар» РММ. Қоңыртөбе ауылындағы Жайлау көшесінің ауыз су құбырларын орнату кезінде қазылған траншея арықтарын көму барысында топырағын нығыздау жұмыстары сапасыз орындалғаны салдарынан 2020 жылы құны 4000,0 мың теңгеге Жайлау көшесі орта жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін асфальт қабатында толқындар пайда болып, төмендеген. Орта жөндеу жұмыстарын жүргізген «ЖамбылДорМостСтрой-Сервис» ЖШС кепілдік мерзімі аяқталған. Кемшілік анықталған жердің асфальт төсемін қайта жөндеуге ауыз су жұмыстарын жүргізген «Баймен» ЖШС-ің кепілдік хатына сәйкес 2023 жылдың мамыр айында орындаған болатын. Бірақ жөндеу жұмыстары жолдарды ағымдағы жөндеу ережесін сақтамай сапасыз орындаған. Осы көшенін асфальт төсемінің түсіп кеткен жерлерін қайта жөндеуден өткізу биылғы жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізген «Радуга Строй» ЖШС-гі тарапынан демеушілік көмек ретінде жасалды. Тапсырма орындалды.
|
|
27. |
Қоңыртөбе ауылына балалар ойын алаңын салу мүмкіндіктерін қарастыру |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Аталған мәселе бойынша аудандық бюджеттен 8 млн 100 мың теңге бөлініп, баға ұсыныстарына беріліп, жеңімпаз «ДМД» ЖК-гі тиісті жұмыстарды жүргізді. Қараша айында толық аяқталып пайдалануға берілді. Тапсырма орындалды. |
|
28. |
Қоңыртөбе ауылындағы мектеп маңындағы Кіші Бурыл көшесіне жылдамдықты шектейтін жол белгілерін орнату мүмкіндіктерін қарастыру |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Қоңыртөбе ауылындағы мектеп маңындағы Кіші Бурыл көшесіне жылдамдықты шектейтін жол кедергілері мен жол белгілерін орнатуға аудандық полиция бөлімі тарапынан орындау ұйғарымын алу арқылы жол белгісі орнатылды. Тапсырма орындалды. |
|
29. |
Елді мекендерде жарықтандыру жүргізілмеген көшелердегі тұрғын үйлердің алдындағы электр бағаналарына жарық шамдарын орнатуды тұрғын үй иелерінің есептегіш құралдарына қосу арқылы шешудің мүмкіндіктерін қарастырып, түсіндіру шараларын жүргізсін |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Жамбыл ауылдық округі бойынша жалпы 47 көшенің бүгінгі таңда 8 көшесінде көше жарығы орнатылған. Қалған көшелер кезең-кезеңімен алдағы уақытта жарықтандырылатын болады. Көше жарығы жүргізілмеген көше тұрғындарына өзінің көше аумағына электр есептегіш құралдарына жарық шамдарын қоюға болатыны туралы түсіндірме жұмыстары толыққанды жүргізілді. Тапсырма орындалды. |
|
30. |
Аудан көлемінде тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу, т.б.) бойынша жұмыстарды жандандырып, беріліп жатқан қолдаулар мен көмектерді кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Аудан көлемінде тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу, т.б.) бойынша аудан әкімінің салалық орынбасарының бастамасымен тиісті бөлімдердің қатысумен 17 ауылдық округті аралап жиын өткізу арқылы және аудан әкімінің елдімекендер тұрғындарымен тоқсан сайын өткізілетін кездесуінде, сонымен қатар, әлеуметтік желілерді түсіндіру жұмыстары толық қанды жүргізілді. Нәтижесінде «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында ауданда 37 жоба 858,7 млн теңге қаржылай қолдау алған. Жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бойынша «Сана» және Жамбыл ауылдық округінен «Алтын бұлақ» шаруа қожалықтарына 90,5 млн теңгеге электр энергиясын жүргізуге қаражат бөлініп аудандық тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөлімі арқылы жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда «Бірыңғай индустрияландыру картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында» 2023-2026 жылдарға аудан бойынша 2 жоба енгізілген. Сонымен қатар Бірыңғай индустрияландыру картасына «TRZ AGRO» ЖШС-нің «Көкөністерді ұзақ мерзімді сақтау қоймасы мен ет өңдеу кешешенінің құрылысы» жобасының құжаттары рәсімделуде. Іске асырылу мерзімі 2024 жыл. Іске асатын орны Жамбыл ауылдық округі аумағы. Аудан көлемінде тұрғындарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау (гранттар, жеңілдетілген несиелер, жәрдемақы алу, т.б.) бойынша аудан әкімінің салалық орынбасарының бастамасымен тиісті бөлімдердің қатысумен 17 ауылдық округті аралап жиын өткізу арқылы және аудан әкімінің елдімекендер тұрғындарымен тоқсан сайын өткізілетін кездесуінде, мобильді топ шығулары бойынша сонымен қатар, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары толыққанды жүргізілуде. Тапсырма орындалды. |
|
31. |
Ш.Ниязбеков ауылындағы Жантелі көшесіндегі 10 тұрғын үйдің ауласындағы жер асты суының көтерілуін ретке келтіру үшін шаралар қолдану |
«Қазсушар» РМК облыстық филиалының басшысы Е.Өтегенов, “Казсушар” РМК “Аса” өндірістік филиалының басшысы С.Тұрдығұлов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау), Жамбыл ауылдық округінің әкімі Б.Садырбаев |
Аталған мәселе бойынша Жамбыл облыстық «Қазсушар» РММ-сі тарапынан қазіргі таңда топосьемка жұмыстары жүргізілді. Елдімекеннің шетінен дренаж канал қазылып, «Кіші Бурыл» бетонды каналының астынан кесіп өтіп ауыл сыртына жіберілу үшін аудандық бюджеттен 10 млн тг бөлініп, мердігерді анықтау үшін ауылдық округ тарапынан мемлекеттік сатып алу парталына қойылып, бүгінгі күнде «Baysale» ЖШС 7 млн тг жеңімпаз болып, жұмыстары толық аяқталды. Тапсырма орындалды. |
|
32. |
Құмсуат ауылындағы ауылішілік көшелерді кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар жүргізу |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Ауылдағы орталық О.Сметілда көшесіне ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алдынды. 2024 жылға бюджеттік өтінімі ұсынылды. (жобаның болжамды құны 17,8 млн. тг). Тапсырма орындалды. |
|
33. |
Тоғызтарау ауылындағы Аса өзенінің бойындағы гидротехникалық имарат құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қ.Бисембаев, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Тоғызтарау ауылында Аса өзенінің бойынан гидротехникалық имарат құрылысын салу үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. (аудандық бюджеттен 150,9 млн.теңге бөлінген, келісім шарт сомасы 138,9 млн. тг, мердігері «Ай Дин Тараз» ЖШС, техникалық қадағалушы «РДК-1», авторы «Тараз-Технопроект» ЖШС, құрылыстың аяқталуы 2023 ж. желтоқсан) Тапсырма орындалды. |
|
34. |
Тараз қаласынан Шайқорық ауылына қатынайтын автобустың жүру уақытын кешкі сағат 19.00 дейін ұзарту мүмкіндіктерін зерделеу, қосымша аялдамалар қою мүмкіндіктерін қарастыру. Автобус маршрутының кері жүру бағытын Танты ауылы арқылы Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов көшесі арқылы Көне Тараз кешенінің аумағына дейін қатынау мүмкіндігін зерделеу |
Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Сауруқов, Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
1. Тараз қаласынан Шайқорық ауылына қатынайтын №6 бағыттағы автобус қазіргі таңда кешкі 20:00-ге кестеге сәйкес жүруде. 2. Ал, Тараз қаласының Асқаров көшесі аяғынан (Элеватор маңы) 2 аялдама қойылып пайдалануға берілді. 3. №6 бағыттағы автобусты Тараз қаласының Ы. Сүлейменов көшесі арқылы Көне Тараз кешеніне дейін қарама-қарсы жүргізу жұмыстары пысықталуда және бұл мәселені шешу Тараз қаласының әкімдігінің құзіретінде. Аталған мәселе бойынша Тараз қаласы әкімдігіне аудан әкімдігі тарапынан тиісті хат жолданды. Орындалуы қатаң бақылауға алынып, аудан әкімдігі тарапынан қолдау білідіріледі. Тапсырма орындалды. |
|
35. |
Ш.Ниязбеков ауылындағы ескірген электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру, жарықтың сөну мәселелерін шешу |
«Жамбыл электр жүйесі» ЖШС бас директоры Ш.Хакимов (жинақтау), Жамбыл аудандық электр жүйесі мекемесінің басшысы А.Курбанов. Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Аталған мәселе бойынша Жамбыл аудандық электр жүйелерінің мекемесінің ресми жауабы бойынша ескірген трнасформаторлар мен электр сымдарын жаңалау 2024 жылдың жоспарына енгізілді. Бүгінгі күнге құжаттары әзірленіп, жоғарғы органдарға ұсынылған (Жамбыл аудандық электр жүйелері мекемесі тарапынан). Тапсырма орындалды. |
|
36. |
Шайдана ауылында орта мектеп құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Д.Әбдібеков (жинақтау), облыс әкімдігінің білім басқармасы, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Шайдана бастауыш мектебі 1963 жылы балшықтан соғылған, ынғайласқан 2 ғимаратта орналасқан (1 ғимараттан 1-4 сынып білім алуда, 2 ғимаратта 25 орындық шағын орталық жұмыс жасайды). Мектеп ғимаратының пайдалану аумағы – 246 ш.м. 2022-2023 оқу жылында Шайдана бастауыш мектебінде - 46 оқушы оқыды (оның ішінде 1-4 сыныптарда 35 оқушы, мектепалды даярлық тобында - 11 бала). Ащыбұлақ ауылындағы «Қ.Сартбаев» атындағы орта мектебіне Шайдана ауылынан 98 бала, Сеңгірбай ауыланан 24 бала тасымалданып білім алады. Ащыбұлақ-Шайдана ауылдарын жалғайтын жолдың ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бекітілген «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу» жөніндегі Жол картасына Шайдана бастауыш мектебінің тозығы жетуіне байланысты 2024 жылы Шайдана ауылында 150 орындық мектеп құрылысын салу жоспарланған. Жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін жер телімі анықталған, жерге орналастыру жобасы әзірленіп, жобалық-сметалық құжаттамасы облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы тарапынан әзірленген. Жобалық құны 1 млрд. 606 млн 519 мың теңге. 2024 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді. Тапсырма орындалды. |
|
37. |
Бесағаш ауылы Абай атындағы орта мектептің сыртқы келбетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. |
Облыс әкімінің орынбасары облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Білім басқармасы аталған мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге өтінімді 2024 жылға экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсынған. (9,0 млн. тг, 12.07.2023 ж.). Бесағаш ауылындағы Абай орта мектебін күрделі жөндеу. Іске асырылу мерзімі – 2025 жыл. Жобаның құны – 350 млн. теңге. Тапсырма орындалды. |
|
38. |
Ерназар ауылындағы Б.Кейкиев орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну. |
Облыс әкімінің орынбасары облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Облыс әкімдігінің білім басқармасы тиісті өтінімді 2024 жылға экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсынды. (7,0 млн. тг,). Ерназар ауылындағы Б. Кейкиев ат.орта мектебін күрделі жөндеу. Іске асырылу мерзімі – 2025 жыл. Жобаның құны – 350 млн. теңге. Тапсырма орындалды. |
|
ОРЫНДАЛУДА |
|||
|
39. |
Бесағаш ауылдық округінің бас жоспарына сәйкес, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылып жатқан жерлерді жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жұмыстарын ұйымдастыру |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Көпбосынов, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Бесағаш ауылының бекітілген Бас жоспарында 1 жер пайдаланушының жалпы көлемі 28,86 га («Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС) жер учаскесі тұр. Мемлекет мұқтажы үшін алуға аудан әкімінің қаулысы қабылданды, қаулыға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тапсырма орындалуда. 2024 жылға өтпелі. |
|
40. |
Суармалы жер көлемін арттыру бағытында «Базарбай» және «Шиелі» каналдарын коммуналдық меншікке алу жұмыстарын аяқтап, бетонды су жүйесі құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «КазСушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
«Базарбай» және «Шиелі» каналдарын коммуналдық меншікке алу жұмыстарын жүргізу үшін «Казсушар» Аса өндірістік бөлімшесіне хат жолданды, «Казсушар» мекемесі тарапынан Су ресурстары комитетіне балансқа алу жөнінде хат жолданған. Теңгеріге алу жұмыстары аяқталған соң каналдарды бетондау жұмыстарына ЖСҚ әзірленеді. Тапсырма орындалуда. 2024 жылға өтпелі |
|
41. |
Шайқорық ауылында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін беруге шаруалардың жерлерін мемлекет мұқтаждығы үшін қайтаруды Заң талаптарына сәйкес ұйымдастырсын |
Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Б.Көпбосынов (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Шайқорық ауылы аумағынан жеке тұрғын үй салу үшін берілетін бас жоспардағы жерлерде 18 шаруа қожалығының 78,64 гектар жер учаскелері бар. Қазіргі таңда аудан әкімдігінің жер қатынастары және Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты шаруа қожалықтармен мемлекет мұқтаждығы үшін жерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 8 шаруа қожалығы 50,54 гектар жерді өз еркімен қайтаруға өтініштерін білдірді. Қалған шаруа қожалықтары ұсынылған бағамен келіспеуіне байланысты жерді өз еркімен өткізбей отыр. Аталған мәселе бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде. Тапсырма орындалуда. 2024 жылға өтпелі |
|
42. |
Өрнек ауылындағы аппатты жағдайдағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу. |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, Облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Д.Әбдібеков, Облыс әкімдігінің денсаулық басқармасының басшысы Ж.Оспанова (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Өрнек дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу порталы негізінде анықталған мердігер «Қаратау құрылыс-2030» ЖШС-мен 106,859,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда, күрделі жөндеу жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айының ішінде пайдалануға берілу жоспарлануда. Тапсырма орындалуда. |
|
43. |
Жалпақтөбе ауылына денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Ташметов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Жалпақтөбе ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша қазіргі таңда жер таңдау актісі әзірленуде. Жері таңдалған соң, ЖСҚ-әзірлеуге бюджетке өтінім ұсынылатын болады. Тапсырма орындалуда. 2024 жылға өтпелі. |
|
44. |
Ш.Ниязбеков ауылындағы Ә.Смайлов атындағы орта мектебінің бос тұрған мектеп директор лауазымына мектептің директордың міндетін уақытша атқарушы Сүйімбекұлы Мирасты ауыл тұрғындары мектеп директор лауазымына қоюды сұрайды. |
Облыс әкімінің орынбасары, Жамбыл облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
Сүйімбекұлы Мирас Ә.Ысмайылұлы орта мектебіне 2015 жылы география пәнінің мұғалімі болып қабылданған. 2019 жылдан бері аталған мектепте директордың әдістемелік орынбасары қызметін атқарып келеді. Мектеп директорлығына тағайындау облыс әкімдігінің білім басқармасы тарапынан конкурстық тәсілмен жүргізіледі. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы тарапынан тамыз айында жарияланған конкурсқа құжаттарын өткізді, алайда әңгімелесу кезеңінен өте алмауына байланысты, жеңімпаз анықталмады. Тапсырма орындалуда. |
|
45. |
Ш.Ниязбеков ауылындағы интернет жылдамдығын арттыру |
Жамбыл облыс әкімдігінің цифрландыру басқармасының басшысы Р.Нокробеков (жинақтау) Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ш.Ниязбеков, Қапал ауылдарына ұялы телефон байланыс желісін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 ақпанында Ш.Ниязбеков ауылына «Belline» «4G» антеннасы іске қосылды. Сонымен қатар, 2023 жылдың 09-10 қазан аралығында облыс әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы және байланыс операторлар қызметкерлерімен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, Ш.Ниязбеков ауылында «Belline», Қапал ауылында «Kcell/Active» және «Tele2» байланыс операторларының «4G» интеренті жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Ш.Ниязбеков ауылында «Kcell/Active» және «Tele2» байланыс операторларының антенналарын 2024 жылы орнатуға сол елді мекендегі ауыл тұрғындарынан өітініштері алынып, «Өңіраралық байланыс инспекциясы» КММ-не жолданды. Тапсырма орындалуда. 2024 жылға өтпелі |
|
46. |
Тоғызтарау ауылындағы орта мектепке қосымша ғимарат құрылысын жүргізуге (спорт зал, асхана, акт залы және оқу кабинеті) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну. |
Облыс әкімінің орынбасары облыс әкімдігінің білім басқармасы (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
Қосымша құрылыс ғимаратының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленуде. Жыл соңына дейін ЖСҚ әзірленіп бітеді. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы.(жобалау құны 8,9 млн.тг). Тоғызтарау ауылындағы Т. Тоқтаров орта мектебіне спорт залы, асхана және акт залының құрылысы. Іске асырылу мерзімі – 2024 жыл. Жобалық құжаттамасы әзірленуде. Жобаның құны – 441 млн. теңге. Тапсырма орындалуда. |
|
Орындалмаған тапсырма |
|||
|
47. |
Бесағаш ауылдық округіндегі ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарының ағымдағы жылдың маусым айына дейін толық аяқтап, тұрғындарға пайдалануға берілуін қамтамасыз ету |
Облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаев, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
Бесағаш – Түркісіб елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың маусым айында жалпы соммасы 1,3 млрд.теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, қорытындысына сәйкес «Көлсай строй» ЖШС мердігер болып анықталды. Келісім-шарт құны 1,290 млрд. теңге. 2021 жылға игерілгені 678,6 млн. теңге. 2022 жылға қалғаны 618,0 млн. теңге. (Ақпарат үшін: Бүгінгі күнге 100 млн теңгесі қалды) Жоғарыда аталған елді мекендер бойынша бүгінгі күнге жұмыстар жүруде. Бесағаш ауылы бойынша құрылыс жұмыстар 95%-ы орындалды. (жоба бойынша 425- қосымша-194-жалпы- 619 аула сумен қамтылған) Түрксіб ауылы бойынша құрылыс жұмыстар 95%-ға орындалған. Бүгінгі күнге ауыз су нысанына асфальт төсемдер абаттандыу жұмыстары аяқталып, Түрксіб, Бесағаш ауылдарына дейінгі электр желісі бойынша «Жамбыл электр жүйесінің» берілген техикалық шартқа сәйкес, подстанцияға қосымша қойылатын трансформатор орнатылды. Аталған трансформаторды жауапты мердігер тарапынан желтоқсан айында іске қосып, нысанды пайдалануға желтоқсан айының ішінде беру жоспарлануда. (Келісім-шарт бойынша 2022 жылдың 6 қарашада аяқтау қажет болатын.) Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының аяқталмағандықтан орындалмаған жұмыстарға тұрақсыздық айыбын өндіру және мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы ретінде тану туралы талап арыз экономикалық сотқа берілген. Тапсырма мерзімінде орындалмаған. |