Шоғырландырылған қаржылық есептілік

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Жамбыл ауданының коммуналдық меншігінде 35 мекеме тіркелген. Оның 33-і коммуналдық мемлекеттік мекемелер, 1-і коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және 1-і квазимемлекеттік заңды тұлға.

Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы No 393 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі" негізінде жүзеге асырылады.

Барлық мекемелердің бухгалтерлік есебі толық компьютерлендірілген және қазір «1С институт – бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру бағдарламасы» және «1С бухгалтерлік есеп» жүйелеріне толықтай қосылған. Аудан бойынша жиынтық тоқсандық және жылдық есептер осы бағдарламаларды пайдалана отырып өңделеді және www.eminfin.gov.kz жүйесіне уақтылы енгізіледі.

оғырландырылған қаржылық есептілік
Дата публикации
25 декабря 2023