ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 12 қарашада Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қарой сайлау округі

Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3809 азамат енгізілді, олардың 1803 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» белгісі қойылған жолда - 18.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Амантаев Е.Е. - 1641; Коскелбаев Д.Е. - 135.

Қарой ауылдық округінің әкімі болып Амантаев Ербол Еркинбаевич сайланды, 1975 жылы туған, жұмыссыз, Тараз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 қарашадағы шешімімен 2023 жылғы 12 қарашада сайланған Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 ноября 2023