Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы «12» қарашаға тағайындалған Жамбыл ауданы
Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың 2023 жылғы 9 қарашадағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Кикбаев Бакытжан Ержанович, 1988 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директор орынбасары, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қарой ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2023 жылғы 09 қарашадағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы