Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

№28

04.10.2023 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау

туралы

 

 

                 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 12 қарашаға тағайындалсын;
  2. 2023 жылғы 12 қарашаға тағайындалған Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  3. Осы шешім Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

                 Комиссия төрағасы                                                     С.Дадабаев

 

 

                 Комиссия хатшысының

міндетін атқарушы                                                    Б.Райымкулова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 октября 2023