Ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген мәселелердің 2023 жылдың 1 қазанына орындалу барысы туралы

 Ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген мәселелердің 2023 жылдың 1 қазанына орындалу барысы туралы

№

Елді мекен атауы

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер

Орындалуы

Қаратөбе ауылдық округі

1

Қаратөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылында жайылым жер мәселесін шешу

Бәйтерек ауылында жайылым жер мәселесін шешу мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шаруа қожалықтар төрт түлігін құмдағы жайылымға шығарды. Орындалды.

2

Қаратөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылында қаңғыбас итерді аулау

Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Орындалды.

3

Қаратөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылына қоқыс шығаратын мекеменің уақытысында келуін қамтамасыз ету

Қоқыс шығарумен айналасатын «Тілеп» жеке кәсіпкерлігі белгіленген уақытын аптаның сәрсенбісіне нақтылады. Орындалды.

4

Қаратөбе ауылдық округі Қызылшарық ауылы

Қызылшарық ауылына қатынайтын №27 бағыттағы қоғамдық көлікті Т.Тоқтаров көшесі арқылы жүргізу

Қызылшарық ауылына қатынайтын №27 бағыттағы қоғамдық көлікті Т.Тоқтаров көшесі арқылы жүргізу бойынша автопарк өкіліне сұраныс жолданды. Орындалу үстінде.

5

Қаратөбе ауылдық округі Қызылшарық ауылы

Қызылшарық ауылына шағын спорт алаңшасын салу

Қызылшарық ауылындағы шағын спорт алаңшасының орны ауыстырлады. Жері нақтыланған. Жерге орналастыру актісі әзірленуде. Орындалу үстінде.

6

Қаратөбе ауылдық округі Қызылшарық ауылы

Қызылшарық ауылында аулуларға берілетін ауызсудың қысымы төмен. Мәселені шешуді қарастыру

«НОДФОС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметі бойынша Қызылшарық ауылына берілетін ауызсудың қысымы 8500 м/3 құрайды. Су қысымы ретке келтірілді. Орындалды.

7

Қаратөбе ауылдық округі Қызылшарық ауылы

Тараз қаласынан қатынайтын №27 бағыттағы қоғамдық көлікті ауылдың аяғына дейін жүргізу

Тараз қаласынан қатынайтын №27 бағыттағы қоғамдық көлікті ауылдың аяғына дейін жүргізу ұйымдастырылды. Орындалды.

8

Қаратөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылына интернет жүргізу

«Belline» және «Tele2» операторларына сұраныс жолданды. Орындалу үстінде.

9

Қаратөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылындағы Ы.Алтынсарин бастауыш мектебінің алдына жаяу жүргінші белгісін қою және жолағын сызу

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық полиция бөліміне сұраныс жолданды. Орындалу үстінде.

10

Қаратөбе ауылдық округі Қызылшарық ауылы

Қызылшарық ауылынан Бектөбе ауылына өтетін жолға бағдаршам орнату.

Қызылшарық ауылынан Бектөбе ауылына өтетін жолға бағдаршам орнату үшін аудандық бюджеттен 8 млн теңге қаражат қаралып, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу арқылы 2023 жылы 5 тамызда конкурсқа берілген. Алайда конкурстың нәтижесі 2023 жылы 15 қыркүйекте ашылып, ешқандай мердігер мекеме қатыспағаны анықталды. 2023 жылы 20 қыркүйекте қайтадан бөлім тарапынан конкурсқа берілді. Конкурстың нәтижесі 2023 жылы 27 қыркүйекте анықталды. Орындалу үстінде.

Полатқосшы ауылдық округі

1.

Полатқосшы ауылдық округі Жалпақтөбе ауылы

Жалпақтөбе көшесінің бас жағындағы 10-15 ауланың газ қысымын арттыру

Жалпақтөбе көшесінің бас жағындағы 10-15 ауланың газ қысымын арттыру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл аудандық филиалы қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ШГРП арқылы газ қысымын көтерді. Орындалды.

2.

Полатқосшы ауылдық округі Жалпақтөбе ауылы

Жалпақтөбе ауылындағы әр аула тұрғындары тазалық мәселесін қолға алу

Жалпақтөбе ауылындағы әр аула тұрғындарына тазалық мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта әр аула тұрғындары өздеріне тиесілі аумақты тазалап, гүл егіп, қураған шөптерді орып, ауылдың көркеюіне үлестерін қосуда. Ауыл тазалығы қатаң бақылауға алынған. Орындалды.

3.

Полатқосшы ауылдық округі Жалпақтөбе ауылы

Жалпақтөбе ауылындағы Д.Қонаев көшесінде электр қуаты төмен. Осы мәселені шешу

Жалпақтөбе ауылындағы Д.Қонаев көшесінде электр қуаты төмендігін ретке келтіру бойынша Тараз қалалық электр желілері басқармасына бірнеше рет хат жолданған болатын. Нәтижесінде басқарма мамандары келіп, электр желілеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ретке келтірді. Қазіргі уақытта электр қуаты қалыпты жағдайда. Орындалды.

Қызылқайнар ауылдық округі

1.

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылына «Beeline» ұялы байланыс операторының мұнарасын орнату

Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының ұсынысына сәйкес «Beeline» ұялы байланыс операторы тарапынан Жасөркен ауылына байланыс мұнарасы орнатылды. Қазіргі таңда «Beeline» ұялы байланысы және интернет желісі тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Орындалды.

2.

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылында ауызсу қысымын көтеру

Жасөркен ауылының су мұнарасының су қысымының төмен болуына байланысты тапсырыс беруші аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігермен келіссөздер жүргізілді. Өз кезегінде мердігер тарапынан су сору скважинасының ЭЦВ маркалы насосы жаңасына ауыстырылды және су сору насосы косымша 12 метр тереңдікке түсірілді.

Қазіргі кезде су мұнарасы толықтай жұмыс атқаруда. Ауылдық округ әкімдігі тарапынан абоненттерді қосу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Орындалды.

3

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылындағы ауызсуды қосу мәселесін шешу

Жасөркен ауылындағы ауызсу жүйесіндегі ақау қалпына келтіріліп, бүгінде тұрақты жұмыс жасауда. Орындалды.

4

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылындағы Т.Терлікбаев көшесіндегі балалар ойын алаңын жөндеу

Ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан ақау актісі жасалынды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға қажетті (ПИР) сома анықталуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін бюдждеттік өтінім берілетін болады. Орындалу үстінде.

5

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылы

Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарын жалғап жатқан жолдың тозығы жеткен. Осы мәселені шешу

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Қызылқайнар және Жасөркен ауылдарын жалғап жатқан жол толықтай орташа жөндеуден өтті. Орындалды.

6

Қызылқайнар ауылдық округі Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылындағы «Иманқұл» каналы істен шыққан, шлюзді жөндеуден өткізуді сұрайды

«Иманқұл» каналындағы шлюзді қайта жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржысы қарастырылған. Сметалық құны – 6,011 млн теңге. Бүгінде аудандық бюджеттен 3,908 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталында ұсынылып, жеңімпазды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқталу мерзімі 2023 жылдың қазан айы. Орындалу үстінде.

Айшабибі ауылдық округі

1.

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылындағы Б.Момышұлы көшесінің жартысына тас жол салу

Жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, «Ұлттық сапа» орталығынан сараптамадан өтуде. Сараптамадан өткеннен кейін бюджеттік комиссияға ұсынылатын болады. Орындалу үстінде.

2.

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылына жаңа медициналық пункт салу

2022 жылғы 2 желтоқсанда ауыл әкімінің тұрақты жер пайдалануға шешімі шығарылды. Қаратау ауылына медициналық пункт құрылысын жүргізу 2025 жылға дейін жоспарланған. Орындалу үстінде. 2024 жылға өтпелі.

3.

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру

Аудандық электр жүйесінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы ауыстырылатын болады. Орындалу үстінде.

4

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылында қаңғыбас иттерді аулау

Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Орындалды.

5

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылы шекараға жақын орналасқан. Шекара маңында жайылатын төрт түлікті әскери қызметкерлер жиі қамап қояды. Осы мәселені шешу

Бұл мәселе зерделеніп, шешімін тапты. Орындалды.

6

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарын ауыстыр

Әулиекөл ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру үшін аудандық электр жүйесінің жұмыс жобасы әзірленіп, ауылдық округ тарапынан келісу қолы қойылды. ЭКЭС келісуге жолданды. Орындалу үстінде.

7

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Кербұлақ көшесіне шағалды төсем төселінді. Орындалды.

8

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы Үштөбе, Кербұлақ көшелерін асфальттау

Әулиекөл ауылындағы Кербұлақ көшесіне ағымдағы жылдың мамыр айында 2 млн 181 мың теңгеге шағал төселді. Айшабибі ауылындағы Ынтымақ көшесіне, Әулиекөл ауылындағы Кербұлақ, Үштөбе көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 33 млн 971 мың теңге қаржы қаралып, жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Мемлекеттік сатып алу арқылы конкурсқа беріліп, жеңімпаз «Теплострой-PLUS» жауапкершілігі болып анықталды. Мердігер мекемемен ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде келісімшарт жасалынып, орта жөндеу жұмыстары басталып кетті. Орындалу үстінде.

9

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы орталық көшені жарықтандыру

Жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Орындалу үстінде.

10

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы орталық көшенің жолдарын жөндеу

Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

11

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы №5 бастауыш мектептің жабылмауын және мектеп жабылған жағдайда балаларды тасымалдайтын автобустың жүруін реттеу, мектеп мұғалімдерін Айшабибі ауылындағы №7 орта мектепке орналастыру

№5 бастауыш мектеп жұмысын жалғастыруда. Орындалды.

12

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы аулаларға ауызсуды кіргізіп беру

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан блок модульді ауызсу жүйесі қойылды. Орындалды.

13

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылына балабақша соғу

Демеушілер ниет білдірген жағдайда жекеменшік балабақша салуға болады. Орындалу үстінде.

14

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылына кіші футбол алаңын салу

Жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Орындалу үстінде.

15

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің сыртқы келбетіне жөндеу

Жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

16

Айшабибі ауылдық округі Қаратау ауылы

Қаратау ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру

Аудандық электр жүйесінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылы ауысытырылатын болады. Орындалу үстінде.

17

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылына бактериалды ауызсу мұнарасы қойылған. Суы тұщы және мұнара жанында әжетханалар орналасқан. Осы мәселені шешу

Жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Орындалу үстінде.

18

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылына бейнебақылау камерасын орнату

Жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, бюджеттік комиссияға ұсынылатын болады. Орындалу үстінде.

19

Айшабибі ауылдық округі Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы төрт түліктер егістік алқаптарындағы тамшылатып суғару жүйесінің құрылғыларын жеп өліп жатыр. Егістік алқаптарында тазалау жұмыстарын ұйымдастыру

Ескерту хабарламалар берілді. Орындалды.

Көлқайнар ауылдық округі

1.

Көлқайнар ауылдық округі Қостөбе ауылы

Қостөбе ауылындағы О.Тұрсынбаев көшесін жарықтандыру

Қостөбе ауылындағы О.Тұрсынбаев көшесін жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, конкурстын қорытындысы бойынша «Ауыл Береке-2016» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз болып анықталды. Келісімшартқа сәйкес құны – 3860,0 мың теңге. Бүгінде жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Орындалды.

2

Көлқайнар ауылдық округі Көлқайнар ауылы

Көлқайнар ауылынан Абай ауылына дейінгі 2,5 шақырым жолды жөндеу

Көлқайнар ауылынан Абай ауылына дейінгі 3 шақырым жол асфальтталды. Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат 95377 мың теңге. «Тараз Көлік Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Орындалды.

3

Көлқайнар ауылдық округі Көлқайнар ауылы

Көлқайнар ауылындағы Мектеп көшесінің жолын жөндеу

Көлқайнар ауылындағы Мектеп көшесінің жолын жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжат әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2024 жылға өтінім беріледі. Орындалу үстінде. 2024 жылға өтпелі.

4

Көлқайнар ауылдық округі Еңбек ауылы

Еңбек ауылының кіреберісіне және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату

Еңбек ауылының кіреберісіне және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарына 3000,0 мың теңге қаражат бөлініп, камералар орнатылды. Орындалды.

5

Көлқайнар ауылдық округі Еңбек ауылы

Еңбек ауылындағы Д.Қонаев көшесін жарықтандыру

Еңбек ауылындағы Д.Қонаев көшесін жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттамаларына қажетті қаражат аудандық бюджеттен қарастырылуда. Орындалу үстінде. 2024 жылға өтпелі.

6

Көлқайнар ауылдық округі Жамбыл ауылы

Жамбыл ауылының кіреберісіне және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату

Жамбыл ауылының кіреберісіне және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату жұмыстарына 3728,0 мың теңге қаражат қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «Бағлан» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз болып анықталды. Бүгінде бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары толық аяқталды. Орындалды.

7

Көлқайнар ауылдық округі Жамбыл ауылы

Жамбыл ауылының тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру

Тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдарын ауыстыру аудандық электр жүйесі тарапынан елді мекендерде кезең-кезеңімен жүргізілуде. Орындалу үстінде.

8

Көлқайнар ауылдық округі Қостөбе ауылы

Қостөбе ауылындағы Завод көшесін жарықтандыру

«Алатау Бәйтерек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3360,0 мың теңгеге Қостөбе ауылындағы Завод көшесіне жарықтандыру жұмыстарын жүргізілді. Орындалды.

9

Көлқайнар ауылдық округі Жамбыл ауылы

Жамбыл ауылындағы Жамбыл және Б.Еспенбетов көшелерін жарықтандыру

Жамбыл ауылындағы Б.Еспенбетов және Жамбыл көшелерін жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындатуға конкурстық хабарлама жарияланған. Жарықтандыру жұмыстарын 2024 жылдың жоспарына енгізу көзделген. Орындалу үстінде. 2024 жылға өтпелі

Аса ауылдық округі

1.

Аса ауылдық округі Рахат ауылы

Рахат ауылындағы көшелерді жарықтандыру

Рахат ауылындағы А.Жақсылықов көшесі демеушілер тарпынан жарықтандырылған. К.Оспанқұлов, С.Айдаров және Ю.Гагарин көшелерін жарықтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып бюджетке ұсынылған. Алайда оң шешім таппады. 2024 жылдың бюджетіне қайта ұсынылатын болады. Орындалу үстінде.

2.

Аса ауылдық округі Рахат ауылы

Рахат ауылында қаңғыбас иттерді аулау

Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары аудандық ветеринариялық станция қызметі тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде. Орындалды.

3

Аса ауылдық округі Рахат ауылы

Рахат ауылына өткен жылдан бері газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларына газ кіргізу бойынша мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер бар?

Жамбыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 қарашасындағы №25-2 шешіміне сәйкес жаңа үш әлеуметтік көмек түрлері қосылды. Соның бірі - «Тұрғын үйді газдандыруға бір реттік әлеуметтік көмек». Аталған көмек жан басына шаққандағы табысы 1,5 (бір жарым) айлық күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедек балалары барларға немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көпбалалы аналарға және көпбалалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына беріледі. Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Үлгілік қағидалардың 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі. Қазіргі таңда 13 аула мемлекеттен бір реттік көмек алды. Қалған аулалар құжаттарын дайындап, өткізуде. Жұмыстар осы бағытта жалғасуда. Орындалу үстінде.

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл ауылдық округі

1.

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылына кіреберіс пен Ж.Жантеліұлы, Б.Досымбекұлы көшелеріндегі аулаларда жер асты суының көтерілуіне байланысты мәселені шешу жолдарын қарастыру

Жер асты суы көтерілу мәселесі бойынша Жамбыл облысы бойынша «Шу-Талас бассейіні», «Су шаруашылығы институты», «Қазсушар» мекемелеріне су көтерілу себептерін анықтау бойынша хат жолданған болатын. Аталған мекемелер қорытындылауы бойынша және жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға 5 млн және 8 млн ұсынды. Аталған ұсыныс бойынша қаржы қарастыру жөнінде 2023 жылы 14 сәуірде аудан әкіміне №205 хаты жолданды. Бүгінгі таңда қаржылай қолдау тауып, 10 млн теңге бөлініп, мердігерді анықтау үшін ауылдық округ тарапынан мемлекеттік сатып алу парталына қойылып, 7 млн теңгеге «Baysale» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып, келісімшартқа қол қою жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

2.

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ауыл ішіндегі қаңғыбас иттерді аулау

Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Орындалды.

3

Жамбыл ауылдық округі Қапал ауылы

Қапал ауылының бас жағынан 80 орындық мектеп салынады деп жоспарлануда. Сол кезде оқушылардың барлығы орталық Т.Рысқұлов көшесімен жүретін болады. Осыған орай Т.Рысқұлов көшесіне асфальт төсеп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргінші жолын жоспарлау

Қапал ауылындағы Т.Рысқұлов көшесіне мамандарды арнайы шақыртып, жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Сондай-ақ аудандық бюджеттін бірінші нақтылауында 38,0 млн теңге қаржы бөлінді. Конкурсқа жіберіліп, мердігер анықталды және 30 қыркүйекке дейін мерзімі бар. Орындалу үстінде.

4

Жамбыл ауылдық округі Қапал ауылы

Жастарға пай есебінен жер учаскесін беру

1997 жылы ҚР Жер кодексі жаңадан бекітілген кезде шаруашылықта жұмыс істейтін жұмысшыларға, мұғалімдерге, зейнеткерлерге жер пай ретінде бөлініп берілген. Қазіргі уақытта жастарға, шаруамен айналысатын адамдарға бос жатқан жерлер конкурс арқылы берілуде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды.

5

Жамбыл ауылдық округі Қапал ауылы

Қапал ауылында ауызсудың қысымын арттыру

Бүгінде округке қарасты барлық елді мекен тұрғындарына таза ауызсу тоқтаусыз берілуде. Орындалды.

6

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылындағы Ж.Жантеліұлы көшесінің бас жағындағы қиылыстың жолын жөндеу

Ш.Ниязбеков ауылындағы Ж.Жантеліұлы көшесінің бас жағындағы қиылыстың жолын жөндеу үшін аудандық бюджеттен 3 млн 200 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда конкурсқа беру жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

7

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Мал жайылым жерлері азайып барады. Осы мәселені шешу

Биыл 200 гектар жайылымдық жерді қайтару жоспарланған. Бүгінде 46 гектар жер қайтарылды. Алдағы уақытта осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылады. Орындалу үстінде.

8

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылындағы көшелерге жол белгілерін орнату

Ш.Ниязбеков ауылындағы көшелерге талапқа сай жол белгілері орнатылды. Орындалды.

9

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылындағы таза ауызсу құдықтарына қақпақ (люк) орнату

Аудан әкімінің орынбасары Н.Несіпбеков пен аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне таза ауызсу құдықтарының қақпақтары жоқ жерге зерделеу жүргізіліп, 76 құдықтың қақпақтары бойынша 3 рет сұраныс хат жолданды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан елді мекендегі ауызсу құдықтарына қақпақтар мен гидранттар орнату үшін 13 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Алдағы уақытта аудандық мәслихаттың сессиясына қаржы қарастыру үшін ұсынылады. Орындалу үстінде.

 

 

 

 

 

 

 

11

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылындағы Б.Досымбекұлы көшесіндегі трансформатордың қуаты төмен. Осы мәселені шешу

Аталған мәселе бойынша аудандық электр жүйесіне тиісті хат жолданды. Хатқа жауап берген мекеме ескірген транасформаторлар мен электр сымдарын ауыстыру 2024 жылдың жоспарына енгізілген жеткізді. Орындалу үстінде.

12

Жамбыл ауылдық округі Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылында «Tеле2», «КcelІ» абоненттерінің интернет желісі төмен. Осы мәселені шешу

Ш.Ниязбеков, Қапал ауылдарында «Теле2» ұялы байланыс желісі өте төмен. Себебі байланыс мұнарасы қойылмаған. «Кcell» АҚ басшысына және «МобайлТелеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу мәселелері жөніндегі директорына 2023 жылдың 18 шілдесінде хат жолданған болатын. Алайда аталған мекелемелерден жауап кешіктіруде. Орындалу үстінде.

 

Ақбұлым ауылдық округі

1.

Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылындағы А.Төлебеков көшесіндегі қаңғыбас иттерді аулау

Аудан әкімдігі «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары А.Төлебеков көшесінде қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізді. Орындалды.

2.

Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылындағы Баймырза Бесбаев көшесін жөндеу

Ақбұлым ауылындағы Баймырза Бесбаев көшесінің 1, 2, 3-бұрылыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, ашық конкурс арқылы «Тараз Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталды. Жөндеу жұмыстарына 34 млн 191 мың 724 теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Орындалды.

3.

Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылына мәдениет үйін соғу

Ақбұлым ауылынан 100 орындық мәдениет үйін соғу үшін «Тараз-Технопроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жобалық-сметалық құжат әзірленіп, 2022 жылдың 9 желтоқсанында №ПГС-0038/22 сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына қажетті 355176,005 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Биыл 166666,0 мың теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда «AKM Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт құны – 232320000 мың теңге. Орындалу үстінде. 2024 жылға өтпелі.

4.

Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылындағы А.Төлебеков, Алмалы көшелерінің жолын жөндеу

Ақбұлым ауылындағы А.Төлебеков, Алмалы көшелерінің жолын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қажетті қаражат бөлінді. Ашық конкурс жарияланып «Ақарыс Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Орындалды.

5.

Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылындағы су құдықтарына қақпақ орнату

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомоблиль жолдары бөліміне қақпақтарға өтінім беріліп, маусым айының басында ауыл ішіндегі құдықтарға қақпақ орнатылды. Орындалды.

6.

Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылында ауызсу қысымы өте төмен. Осы мәселені шешу

Ауызсу нысанындағы қосымша сусорғышты ауыстырып, судың қысымын реттеу бойынша мердігер тарапынан жұмыс жүргізілді. Судың тұрақты берілуі қатаң бақылауға алынған. Қазіргі таңда ауызсуға байланысты мәселе жоқ. Орындалды.

 

 

Гродиково ауылдық округі

1.

Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылы

Қызылдихан ауылындағы арықтарды тазалау, жарық қуатын арттыру

Қызылдихан ауылының тұрғындарымен ауылішілік арықтар тазаланды. Ал сыртқы арықтар жергілікті әкімшілік тарапынан қалыпқа келтірілді. Орындалды.

Жарықтың қуатын арттыру үшін қалалық электр жүйесіне сұраныс хат жолданды. Ағымдағы жылы Қызылдихан ауылы Байтерек көшесінің 63 тұрғын үйіне, Олжабаев, Сайрам, Ақмешіт, Отырар көшелерінің 58 тұрғын үйіне электр бағаналарын қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Жоба құны – 62 млн 633 мың теңге. 2024 жылға «Ауыл – ел бесігі» жобасына енгізіліп, қаржы бөлінуі күтілуде. Орындалу үстінде.

2.

Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылы

Қызылдихан ауылынан жаңа мектеп соғу

«2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу» жөніндегі Жол картасына ауданнан 8 мектептің құрылысы еңгізілген. 2025 жылы тозығы жеткен 3 мектептің мәселесі шешіледі. Қызылдихан ауылына 100 орындық мектеп соғылады. Орындалу үстінде.

3.

Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылы

Қызылдихан ауылынан балалар ойын алыңын салу

Қызылдихан ауылындағы балалар ойын алаңы Абай және Отырар көшелерінің қиылысында орналасады. Конкурс жарияланып, мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде.

4.

Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылы

Қызылдихан ауылындағы №4 бастауыш мектебінің алдына жол қауіпсіздігі белгілерін орнату

Қызылдихан ауылындағы №4 бастауыш мектебінің алдына жол қауіпсіздігі белгілерін орнату үшін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 2023 жылдың 16 тамызында шығыс хат жолданды. Орындалу үстінде.

5.

Гродеково ауылдық округі Қызылдихан ауылы

Қызылдихан ауылындағы Абай көшесінің электр желілерін жөндеу және ауыстыру

Қызылдихан ауылындағы Абай көшесінің электр желілерін жөндеу және ауыстыру үшін «ЖЭС» ТҚЭЖ-не 2023 жылдың 16 тамызында шығыс хат жолданды. Орындалу үстінде.

Ерназар ауылдық округі

1.

Ерназар ауылдық округі Ерназар ауылы

Ерназар ауылындағы Қошманбетов көшесіндегі жарылған су құбырын және сыртқа жайылған суды қалпына келтіру

Ерназар ауылындағы Қошманбетов көшесіндегі жарылған су құбыры және сыртқа жайылған су қалпына келтірілді. Орындалды.

2.

Ерназар ауылдық округі Ерназар ауылы

Ерназар ауылы тұрғындары малын қоғамдық падаға қоспай жібере салады. Осы мәселені шешу

Бүгінде ауыл тұрғындарының малы қоғамдық падаға қосылып, мәселе шешілді. Орындалды.

3.

Ерназар ауылдық округі Ерназар ауылы

Ерназар – Аса бағытындағы қоғамдық көлікті сенбі, жексенбі күндері де жүргізу

Аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылғы 18 тамыздағы №01-15/430 хатына сәйкес Ерназар – Аса бағытындағы қоғамдық көлік субсидияға байланысты дүйсенбі-жұма жүреді. Сенбі, жексенбі күндерге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Алдағы уақытта аудандық мәслихат сессиясының қорытындысы бойынша қосымша қаражатты 2024 жылы аудандық бюджетінен субсидиялау қарастыруға ұсыныс берілетін болады. Орындалу үстінде.

Бесағаш ауылдық округі

1.

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Түрксіб ауылындағы №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына жарамсыз деп қорытынды алынды. Бүгінде облыстық құрылыс басқармасына теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.

Түрксіб ауылы Қ.Қалдыбекұлы көшесі 22 А және 22 Б мекенжайларында орналасқан шағын спорт және кіші футбол алаңдарына қызмет көрсету үшін берілген жер учаскесінің актілерін біріктіру жұмыстары (нысаналы мақсатын өзгерту, жерге орналастыру жобасын қайта жасату) жүргізілуде. Аталған жер учаскелері №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің теңгерімінде. Орындалу үстінде.

2.

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылына ауызсу кіргізу жұмыстарын аяқтау

Түрксіб ауылы бойынша су қабылдау құрылысына дейін тиісті жұмыстар аяқталып, мердігер тарапынан трансформаторларды орнату жұмыстарын жүргізген соң толық аяқталады. Орындалу үстінде.

3.

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Желтоқсан көшесіндегі жарықты кешкі сағат 19.00-де жағу және көшедегі қоғамдық тәртіпті ретке келтіру

Тұрғындардың талабына сәйкес Желтоқсан көшесіндегі жарық кешкі сағат 19.00-де жанады. Сонымен қатар елді мекендегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камерасы орнатылды. Учаскелік полиция инспекторлары тарапынан көшеде ішімдік ішіп алып жүретін тұрғындарға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Орындалды.

4

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылында ауызсу кіргізу жұмыстарын аяқтап, жол жөндеу жұмстарын бастау

Түрксіб ауылында ауызсу кіргізу жұмыстары 85 пайызға орындалды. Мердігер құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық аяқтауды жоспарлап отыр.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша Түрксіб ауылында 10 көше жөндеуден өтті. Сонымен қатар 14 көше жөндеуден өтеді. Орындалу үстінде.

5

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы А.Макаренко атындағы орта мектепке қарасты бастауыш мектептің ғимаратын жөндеу

А.Макаренко атындағы орта мектепке қарасты бастауыш мектеп 1971 жылы пайдалануға берілген. Ынғайласқан ғимаратта орналасқан, сыйымдылығы 150 оқушыға арналған.

Биыл бастауыш мектеп ғимаратының асханасы мен әжетханасына облыстық бюджеттен 13 млн 696 мың теңге бөлінді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама беріліп, «Килыбаев» жеке кәсіпкерлігі жеңімпаз болып анықталып, 11 тамызда 7 млн 788 мың теңгеге келісімшарт жасалынып, бүгінде асхана және әжетхана орналастырылды.

2025-2026 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жоспарланған. Орындалу үстінде.

6

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылына кіші футбол алаңын соғу

Түрксіб ауылына кіші футбол алаңы соғылып, пайдалауға берілді. Орындалды.

7

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы Бәйдібек баба, Астана, Ы.Дүкенұлы, Абай көшелеріне қойылған көпірлердің сапасы төмен әрі тар. Осы мәселені шешу

Түрксіб ауылындағы Бәйдібек баба, Астана, Ы.Дүкенұлы көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары бақылауға алынған. Осы айда жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Абай көшесіндегі жолға қойылған көпірлердің сапасы тексерілді. Орындалу үстінде

8

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы жөндеуден өтіп жатқан Саңырақ батыр көшесінің сапасы төмен

Саңырақ батыр көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарының сапасы бақылауға алынған. Бүгінде жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Орындалды

9

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылында жүргізіліп жатқан ауызсу жүйесіне Қырғыз ауылын қосқанына тұрғындар наразы

Түрксіб ауылының ауызсу жүйесіне Қырғыз ауылындағы 24 үй қосылып отыр. Насостардың су тарту көлеміне кедергі жасамайды. Орындалды.

10

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылында жол бойына жаяу жүргіншілер белгісі мен көше жарығын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін орнату

Түрксіб ауылын қиып өтетін Талас – Тараз тасжолына жол кедергісін (лежачий полицейский) орнату үшін Тараз қалалық полиция бөліміне және аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс хат жолданады. Орындалу үстінде.

11

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Бесағаш ауылдық округіне 1 ветеринария дәрігері бөлінген, мал басы көптігіне байланысты Түрксіб ауылына 1 ветеринария дәрігер бөлу

Бесағаш ауылдық округінде 1 аға дәрігер, 3 ветеринар дәрігер және 1 санитар жұмыс атқарады. Мал санына қарай ауылдық округке жеткілікті. Орындалу үстінде.

12

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішті көпшілік жиналатын орынға аллея ашып, сонда көшіру

Ағымдағы жылы жөндеуге 10 млн 968 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаты жасалып, 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді. Орындалу үстінде.

13

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы Жеңіс көшесінің аяғына көшіп келген А.Ибрагимова деген азаматша көшені қоршап алған. Соның салдарынан ауылдың малы Желтоқсан мен Жеңіс көшесін айналып жайылымға шығады. Тұрғындар қоршап алған жерді қайта ашуды сұрайды

А.Ибрагимова деген азаматшаға түсіндіру жұмысы жүргізіліп, жол ашылды. Орындалды.

14

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы Асабаев пен Абай көшелерінің қиылысынан, яғни, көлдің жанынан оқушылар мектепке өтетін көпір қойып, тротуар салу

Түрксіб ауылындағы Асабаев пен Абай көшелерінің қиылысында жол жөндеп жатқан мердігер компнияның техникасымен ол жер тегістелді. Орындалды.

15

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы Желтоқсан көшесінің аяғындағы дренаждарды тазалау (Су жиналып, үйлерге қауіп келуі мүмкін)

Түрксіб ауылындағы Желтоқсан көшесінің аяғындағы дренаждардарға ауыл тұрғындары қоқыс тастамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қоғамдық жұмысшылармен судың жолы ашылды. Орындалды.

16

Бесағаш ауылдық округі Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы жол бойына аялдама қоюу

2024 жылға жоспарланды. Орындалмаған.

 

Қарой ауылдық округі

1.

Қарой ауылдық округі Кемел ауылы

Кемел ауылындағы Қырғыз көшесін орташа жөндеуден өткізу

Кемел ауылындағы Қырғыз көшесінің (1 шақырым 723 метр) орта жөндеу жұмыстарына 46 млн 94 мың теңге осы жылға жоспарланған болатын. Бірақ елді мекенде ауызсу жүргізуіне байланысты 2024 жылға қалдырылды. Орындалу үстінде.

2.

Қарой ауылдық округі Кемел ауылы

Кемел ауылы Қырғыз көшесіне ауызсу жүргізу

Биыл Кемел ауылына ауызсу жүргізуге 11 млн 280 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, жұмыстар толығымен аяқталды. Орындалу үстінде.

3.

Қарой ауылдық округі Кемел ауылы

Кемел ауылында қаңғыбас иттерді аулау

Кемел ауылында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын арнайы мекеменің мамандары жүргізілуде. Орындалды.

4.

Қарой ауылдық округі Кемел ауылы

Кемел ауылының көшелеріне жол белгілерін орнату

2023 жылдың 1 қазанына дейін «Тараздорпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, арнайы сараптамадан өткізілгеннен кейін аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2024 жылға қаражат қарастыру үшін ұсыныс берілетін болады. Орындалу үстінде.

Тоғызтарау ауылдық округі

1.

Тоғызтарау ауылдық округі Құмсуат ауылы

Құмсуат ауылында мал жайылымын шешу

Құмсуат ауылында «Атамұра» шаруа қожалығымен меморандумға тұру арқылы жайылым мәселесі толық шешілді. Жайылым тапшылығы жоқ. Орындалды.

2.

Тоғызтарау ауылдық округі Құмсуат ауылы

Құмсуат ауылындағы О.Сметілдә көшесін асфальттау

Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін сараптамадан өткізіп, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді. Орындалу үстінде.

 

Тоғызтарау ауылдық округі Жаңаөткел ауылы

Жаңаөткел ауылына ауызсу жүргізу

Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін сараптамадан өткізіп, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне 2024 жылға бюджеттік өтінім берілді. Орындалу үстінде.

Қаракемер ауылдық округі

1.

Қаракемер ауылдық округі Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылында мал жайылымын шешу

Құмтиын ауылы тұрғындарының малы Тараз - Саудакент автожолының бойындағы Көделі мал жайылымына шығарылады. Орындалды.

2.

Қаракемер ауылдық округі Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы Ұлы Отан соғысында және Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған монументті әкімшілік теңгеріміне алу

Құмтиын ауылындағы Ұлы Отан соғысында және Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған монументті әкімшілік теңгеріміне алуға заң аясында құжаттары рәсімделіп, шешім шығарылды. Орындалды.

3.

Қаракемер ауылдық округі Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы №2 орта мектебіне спорт зал соғу

Құмтиын ауылындағы №2 орта мектебіне спорт зал соғу үшін облыс әкімдігінің білім басқармасына ұсыныс жолданды. Орындалу үстінде.

4.

Қаракемер ауылдық округі Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы Т.Мұсабекұлы көшесін жарықтандыру

Құмтиын ауылындағы Т.Мұсабекұлы көшесін жарықтандыру үшін құжаттары әзірленіп, өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде. Орындалу үстінде.

5.

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы С.Смайыл көшесіндегі жолға шағал төсеу

Құмтиын ауылындағы С.Смайыл көшесіндегі жолға шағал төселді. Орындалды.

6.

Қаракемер ауылдық округі Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылының батыс жағындағы жолды жөндеу

Құмтиын ауылының батыс жағындағы жолға шағал төселді. Орындалды.

7

Қаракемер ауылдық округі Сеңгірбай ауылы

Сеңгірбай ауылындағы Аса – Шайдана бағытындағы жолға аялдама салу

Сеңгірбай ауылындағы Аса – Шайдана бағытындағы жолға аялдама салынуда. Орындалу үстінде.

8

Қаракемер ауылдық округі Сеңгірбай ауылы

Сеңгірбай ауылындағы суды тазалаудың жеке блок модульдік орнатылған жерге қыста су қатып қалмау үшін генератор және бейнекамера орнату

Сеңгірбай ауылындағы суды тазалаудың жеке блок модульдік орнатылған жерге қыста су қатып қалмау үшін генератор және бейнекамера орнатуға бюджеттік өтінім берілді. Орындалу үстінде.

9

Қаракемер ауылдық округі Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылының батыс жағындағы жолды асфальттау

Құмтиын ауылының батыс жағындағы жолды асфальттауға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, конкурсқа жіберіліп, жеңімпаз анықталуда. Орындалу үстінде.

Ақбастау ауылдық округі

1

Ақбастау ауылдық округі Шоқай ауылы

Шоқай ауылындағы Қ.Рысқұлов және О.Жалпанова көшелерін жөндеу

Шоқай ауылындағы Қ.Рысқұлов (ұзындығы 1086 метр) және О.Жалпанова көшелеріне (ұзындығы 1115 метр) орта жөндеу жұмыстарына 48 млн 160 мың теңгеге конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, «ЖамбылДорМостСтрой-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталды. Орта жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы 16 маусымда басталып, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталған. Орындалды.

2

Ақбастау ауылдық округі Шоқай ауылы

Шоқай ауылындағы жаңа мектепке барар жолға тротуар салу

Шоқай ауылындағы жаңа мектепке барар жолға орта жөндеу жұмыстары мен түнгі көше жарығын орналастыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құны 14 млн 885 мың теңгені құрайтын хабарлама мемлекеттік сатып алу порталына конкурс тәсілі арқылы беріліп, «NEO Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 13 млн 664 мың теңгені жеңіп алды. Қазіргі таңда жұмыс толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Орындалды

Қарасу ауылдық округі

1

Қарасу ауылдық округі Шайдана ауылы

Шайдана ауылындағы Ә.Жылқыбайұлы көшесінің жолын жөндеу

Ә.Жылқыбайұлы көшесінің жолын жөндеуге 26 млн 245 мың теңге аудандық бюджеттен бөлініп, конкурсқа берілген.

Конкурс жеңімпазы «Жамбыл ДорМостСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып белгіленіп, бүгінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды. Орындалды.

2

Қарасу ауылдық округі Шайдана ауылы

Шайдана ауылына мектеп салу

Шайдана ауылынан 150 орындық жаңа мектеп құрылысын жүргізу үшін 1,8 гектар жер телімі анықталып, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасына ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 17 тамыздағы №33 шешімімен тұрақты жер пайдалану құқығы берілген.

Жобалық-сметалық құжаттама жасалынып, сараптамадан өткізілген. Қазіргі таңда қаржының бөлінуі күтілуде. Орындалу үстінде.

3

Қарасу ауылдық округі Шайдана ауылы

Шайдана ауылындағы «Сеңгірбай» су қоймасының дамбысына шағал төсеу

Шайдана ауылындағы «Сеңгірбай» су қоймасының дамбысына демеушілердің көмегімен шағал төселді. Орындалды.

Өрнек ауылдық округі

1

Өрнек ауылдық округі Жұма ауылы

Жұма ауылына кітапхана салу

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығымен бекітілген «Мәдениет ұйымдары желілерінің ең төменгі мемлекеттік нормативтеріне» және «Өңірлік стандарттар жүйесінің» талаптарына сәйкес тұрғындар саны 1000-ға дейінгі елді мекендерге мәдениет нысанының құрылысын салуға шектеу белгіленген. Жұма ауылының тұрғындар саны 303 адамды құрайды. Өңірлерді дамыту стандартына сәйкес келмейді. Орындалды.

 

 

Дата публикации
03 октября 2023