ҚР Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың төрағалығымен 24.03.2023 жылы өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының 3 бөлімі 2 тармағына және облыс әкімінің төрағалығымен 2022 жылы 02 наурызында өткен аппараттық кеңестің №46 хаттамасының 2 тармағына сәйкес, 2023 жылдың қыркүйек-қазан айларында Аса ауылдарына масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 см/пиксель болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірлім жұмыстары ұшқышсық ұшу аппараты арқылы «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.
Жамбыл ауданы Аса а. – 200.09-03.10.2023ж,
Аэрофототүсірілім жұмыстары өз кезегінде, картографиялық деректердің, яғни әр бір елді мекеннің даму жоспарларының (бас жоспарлар мен оңайлатылған сызба, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары), қала құрылысы талаптары (қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар) мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен және тура дәлдікте облыстың Геопорталына және республикалық «Жария кадастрлық картаға» орналастыруға мүмкіндік беретін болады.Осы орайда, Аса ауылы тұрғындарына аталған жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!