ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

2023 жылғы 17 қыркүйекте Жамбыл ауданының Полатқосшы ауылдық округі әкімінің сайлауы бір сайлау округі бойынша өтті.

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының Полатқосшы ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Полатқосшы сайлау округі Полатқосшы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5940 азамат енгізілді, оның 3896 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 9.

 

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 

Амиров Н.Х. - 697; Данаев Е.А. - 2810; Дербисалиев Т.А. - 373.

 

Полатқосшы ауылдық округінің әкімі болып Данаев Ержан Алимжанович сайланды, 1983 жылы туған, Полатқосшы ауылдық округінің әкім, Полатқосшы ауылдық округінің Жалпақтөбе ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Жамбыл ауданының Полатқосшы ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 сентября 2023