ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 17 қыркүйекте Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Полатқосшы сайлау округі
Полатқосшы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5940 азамат енгізілді, олардың 3896 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Бәріне қарсымын» белгісі қойылған жолда - 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Амиров Н.Х. - 697; Данаев Е.А. - 2810; Дербисалиев Т.А. - 373.
Полатқосшы ауылдық округінің әкімі болып Данаев Ержан Алимжанович сайланды, 1983 жылы туған, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі, Жалпақтөбе ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 17 қыркүйекте сайланған Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы