Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округіне әкімдікке ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Полатқосшы ауылдық округіне Амиров Нуржан Хамзатович1995 жылы туған, Полатқосшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауданы Гродеково ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Полатқосшы ауылдық округіне Данаев Ержан Алимжанович1983 жылы туған, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды
Полатқосшы ауылдық округіне Дербисалиев Талгат Аманкулович1975 жылы туған, «Omega Menegment» ЖШС-нің техника және өрт қауіпсіздігі инженері, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы