ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 6 тамызда Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қаратөбе сайлау округі

Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3370 азамат енгізілді, олардың 1584 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» белгісі қойылған жолда - 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Балажанов Ф.Г. - 80; Саршаев А.Б. - 960; Тұрсынбеков Т.М. - 527.

Қаратөбе ауылдық округінің әкімі болып Саршаев Асхат Батырбекович сайланды, 1987 жылы туған, Жамбыл ауданы Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары, Аса ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 августа 2023