Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы «6» тамызға тағайындалған Жамбыл ауданы
Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың 2023 жылғы 01 тамыздағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Амирбеков Каламбек Токанович, 1971 жылы туған, Байзақ ауданы әкімі аппаратының инспекторы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қаратөбе ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2023 жылғы 01 тамыздағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы