САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 28 маусымдағы №14 шешімімен Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

Аталған ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңінің басталуына орай тіркелген кандидаттарға ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 5-тарауын, яғни сайлау алдындағы үгіт тәртібін түсіндіру бойынша аудандық сайлау комиссиясының мүшелері кандидаттармен, сенімді өкілдермен және учаскелік сайлау комиссияларымен арнайы кездесті. Кездесу барысында комиссия төрағасының орынбасары заңның тиісті тармақтарына жеке-жеке тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар мен сенімді өкілдер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

 

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

 

 

 

 

Дата публикации
17 июля 2023