Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабы, 9-тармағына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіне әкімдікке ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Қаратөбе ауылдық округіне Амирбеков Каламбек Токанович, 1971 жылы туған, Байзақ ауданы әкімі аппаратының инспекторы, Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қаратөбе ауылдық округіне Балажанов Фархад Галымжанович, 1990 жылы туған, Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қаратөбе ауылдық округіне Саршаев Асхат Батырбекович, 1987 жылы туған, Аса ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Қаратөбе ауылдық округіне Тұрсынбеков Тимур Мансұрұлы, 1993 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы