Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі

№15

28.06.2023 ж.

 

 

 

 

Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің

сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы       ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қаратөбе ауылдық округінің шекарасында Қаратөбе сайлау округі құрылсын;
  2. Сайлау округінің тізімі, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.

 

 

         Комиссия төрағасы                                                  Б.Көшербаев

 

 

         Комиссия хатшысы                                                  О.Затыбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 июня 2023