Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі
№14
28.06.2023 ж.
Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 6 тамызға тағайындалсын;
- 2023 жылғы 6 тамызға тағайындалған Жамбыл ауданының Қаратөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
- Осы шешім Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Б.Көшербаев
Комиссия хатшысы О.Затыбеков