ХАБАРЛАМА
2023 жылғы 25 маусымда Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы бір сайлау округі бойынша өтті.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қарасу сайлау округі
Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1206 азамат енгізілді, оның 730 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кикбаев Б.Е. - 343; Масатов А.А. - 381.
Қарасу ауылдық округінің әкімі болып Масатов Айдын Адилханович сайланды, 1989 жылы туған, Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарасу ауылдық округінің Ащыбұлақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 25 маусымда сайланған Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы