Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2023 жылғы «25» маусымға тағайындалған Жамбыл ауданы
Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандиттың 2023 жылғы 22 маусымдағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Мураталиев Сабыр Кенетович, 1983 жылы туған, Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінің директоры, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қарасу ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2023 жылғы 22 маусымдағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы