САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 17 мамырдағы №9 шешімімен өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталған Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.
Аталған ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт кезеңінің басталуына орай тіркелген кандидаттарға ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 5-тарауын, яғни сайлау алдындағы үгіт тәртібін түсіндіру бойынша аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бауыржан Көшербаев кандидаттармен арнайы кездесті. Кездесу барысында комиссия төрағасы заңның тиісті тармақтарына жеке-жеке тоқталып, кандидаттарға сайлау алдындағы әр бағыт бойынша үгіт жұмыстарына бөлінген қаражатты тиімді жұмсауға шақырды.
Жамбыл аудандық сайлау
комиссиясы.