Жамбыл ауылдық округі аумағындағы мемлекеттік жер қоры «Жамбыл жері» учаскесі жерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын анықтау туралы қорытынды хаттамасы

Жамбыл ауылдық округі аумағындағы мемлекеттік жер қоры «Жамбыл жері» учаскесі жерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын анықтау туралы қорытынды

хаттамасы

 

Аса ауылы                                                                                      2023 жыл 25 мамыр

 

Комиссия төрағасы: Е.Жиенқұлов

                                                                              Комиссия хатшысы: Ұ.Асылбеков

 

Конкурстық комиссия мүшелері:

Е.Жиенқұлов        - Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары;

Б.Тоқтасынов        - Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің 

                                  басшысы;

Л.Аманов               - Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің 

                                  басшысы;

Д.Жаманбаев        - Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы 

                                  бөлімінің басшысы;

Н.Куанышбеков    - Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы

                                  Жамбыл аудандық филиалының директоры;

М.Сулейманова    - Жамбыл аудандық қоғамдық

                                 кеңесінің мүшесі;                                                                                                                

А.Мырзабеков      - Жеке кәсіпкер;

Е.Тоқберген          - «Тоқберген» шаруа қожалығының басшысы;                       

Н.Бегманов           - «Қызыл-Дихан қожалығы» өндірістік               

                                 кооперативінің төрағасы;                       

А.Кушуров           - Жеке кәсіпкер;

Б.Садырбаев         - Жамбыл ауылдық округінің әкімі;

А.Асанкулов        - Жергілікті қоғамдастық өкілі.

 

Қатыспаған комиссия мүшелері:

А.Стамкулов (еңбек демалысында), М.Сулейманова, Н.Бегманов.

              

 Күн тәртібі:

Конкурс жеңімпаздарын анықтау туралы.

 

Тыңдалды:

Б.Тоқтасынов – Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» №518 бұйрығын негізге ала отырып, конкурстық өтінімдерді салыстырдыңыздар. Конкурс жеңімпаздарын анықтау барысында кімде қандай ұсыныс-пікірлер бар екенін айтты.

 

Қарсылық білдіргендер - жоқ

Қалыс қалғандар - жоқ

 

Жер комиссиясы төмендегідей шешім қабылдады:

 

Лот №, алқап түрі, жер учаскесінің орналасқан жері

Лот бойынша өтінім бергендердің аты-жөні

Жалпы құжаттарының рәсімдеудің сәйкестігі немесе сәйкес болмаған жағдайда себебін көрсету

Инвестициялардың болжамды көлемі бойынша жинаған балл (балл тең болған жағдайда ашық дауысқа салынады)

Жеңімпаз болып танылған тұлға

№9 лот,

1,8229 га суармалы егістік, МЖҚ "Жамбыл жері" учаскесі

Косыбаев Гани Косыбайулы

сәйкес

300

Косыбаев Гани Косыбайулы

Мыңжасар Бақдәулет Сейсменбекұлы

сәйкес

50

№10 лот,

13,2796 га суарылмайтын егістік, МЖҚ "Жамбыл жері" учаскесі

Сагиндыкова Улболсын Серикбаевна

сәйкес

200

Сагиндыкова Улболсын Серикбаевна

Орынбаев Жасулан Абдрахманович

сәйкес

175

 

 

 

№11 лот,

3,0 га суармалы егістік, МЖҚ

Молдабеков Дәулет Талапович

сәйкес

200

Молдабеков Дәулет Талапович

"Жамбыл жері" учаскесі

Акшабеков Данияр Нургалиевич

сәйкес

 

150

 

Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі:

  1. Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімін бір жұмыс күні ішінде аудан әкімінің интернет-ресурсына және үш жұмыс күнінен кешіктірмей барлық өтінім берушілерге, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасының интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдасын;
  2. Конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының хаттамалық шешімі екі жұмыс күні ішінде шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім қабылдау үшін ауданның жергілікті атқарушы органына ұсынсын;
  3. Ауданның жергілікті атқарушы органының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының жобасын дайындап, конкурс жеңімпаздарын хабардар етсін.

 

 

Комиссия төрағасы:                                                                       Е.Жиенқұлов

 

Комиссия хатшысы:                                                                       Ұ.Асылбеков

 

          Комиссия  мүшелері:                                                                   Б.Тоқтасынов 

 

Л.Аманов

 

Д.Жаманбаев

  

Н.Куанышбеков

 

А.Кушуров 

 

А.Мырзабеков

 

Е.Тоқберген 

 

Б.Садырбаев

 

А.Асанкулов

 

 

 

Дата публикации
26 мая 2023