БЕКІТЕМІН
Жамбыл облысының әкімі
_____________Н.Нұржігітов
«10» мамыр 2023 жыл
Жамбыл ауданы Ерназар, Тоғызтарау ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар
БЕКІТІЛІСІ
|
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Іске асыру мерзімдері |
Жауапты орындаушылар |
|
1. |
Суармалы жер көлемін арттыру бағытында «Базарбай» және «Шиелі» каналдарын коммуналдық меншікке алу жұмыстарын аяқтап, бетонды су жүйесі құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жыл, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Казсушар» РМК облыстық филилалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
|
2. |
Ерназар ауылындағы ауыз су жүйесін жаңғырту жобасына бюджеттік өтінім ұсыну |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 31 мамыр |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
3. |
Ерназар ауылдық округін ағын сумен қамтамасыз ету үшін «Сұлукөл» су қоймасын толтыру мүмкіндігін қарастырып, ұсыныс беру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 31 мамыр
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Жамбыл су қоймалары» мекемесінің басшысы Н.Ергебеков, «Казсушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
|
4. |
Аудандық полиция бөлімімен бірлесіп Ерназар ауылы ішімен жүк көліктерінің қатынауын шектеу Жүк көліктері үшін айналма жолды қалпына келтіріп, жол белгілерін орнату |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 1 қазан
|
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Саурықов, облыстық полиция департаменті (келісім бойынша), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
|
5. |
Қаржыландыру мүмкіндігіне қарай 2023 жылы Ерназар ауылдық округін «Ауыл аманаты» жобасына ұсыну және жеке кәсібін дамытуға ниетті тұрғындарға қолдау көрсету |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жыл, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Жігітеков (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
6. |
Ерназар ауылындағы Б.Кейкиев орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жыл, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
7. |
Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат ауылдарына табиғи газбен қамтамасыз ету жобасын зерделеп, қаржыландыру мәселесі бойынша ұсыныс беру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 1 шілде
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаев (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
8. |
Тоғызтарау ауылындағы орта мектепке қосымша ғимарат құрылысын жүргізуге (спорт зал, асхана, акт залы және оқу кабинеті) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, бюджеттік өтінім ұсыну |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жыл, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
9. |
Құмсуат ауылындағы ауылішілік көшелерді кезең-кезеңімен жөндеуден өткізу бойынша жұмыстар жүргізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
тұрақты, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы
|
|
10. |
Жаңаөткел ауылының ауыз су жүйесі құрылысы жобасына бюджеттік өтінім ұсыну |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 31 мамыр
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаев (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
11. |
Тоғызтарау ауылындағы Аса өзенінің бойындағы гидротехникалық имарат құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде аяқтау
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 25 желтоқсан |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек Облыс әкімінің орынбасары Е.Ибрайханов, Облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Қ.Бисембаев, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
|
12. |
Талас ауданы әкімдігімен бірлесіп тұрғындарға Аса өзенінің бойындағы гидротехникалық имарат арқылы бірінші кезекте Билікөл көліне қажетті су көлемі жинақталатындығы, кейіннен Ақкөл көліне артылған су көлемі босатылатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 10 маусым |
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Казсушар» РМК облыстық филилалының директоры Е.Өтегенов, Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбеков, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
|
13. |
«Сұлтан» каналын «Қазсушар» РМК теңгеріміне өткізіп, Тоғызтарау ауылдық округінің шаруа қожалықтарына ағын су беруге шлюз орнату мүмкіндігін қарастыру
|
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 15 маусым
|
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, «Казсушар» РМК облыстық филиалының директоры Е.Өтегенов, Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы (жинақтау) |
|
14. |
Өрнек ауылындағы аппатты жағдайдағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жыл, аралық ақпарат тоқсан сайын |
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Д.Әбдібеков, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Оспанова (жинақтау), Жамбыл ауданының әкімі Е.Қыдыралыұлы |
|
15. |
Өрнек ауылындағы №17 Жамбыл колледжінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және оқу-өндірістік шеберханасы, жатаханасы мен асханасына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесін зерделеп, ұсыныс беру |
облыс әкімі аппаратына ақпарат |
2023 жылғы 15 маусым
|
Облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек
|
|
|
||||
Облыс әкімі аппараты
басшысының міндетін атқарушы С. Әлібеков