Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты «Дорожник» саяжайында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты «Дорожник» саяжайында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                        23 қаңтардағы Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы                     11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабындағы 2-тармағының               2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014  жылғы                        2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлардың  сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Жамбыл ауданының  төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезектен тыс комиссия отырысының 2023 жылғы 30 сәуірдегі №2 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:

  1. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаратөбе ауылдық округіне қарасты «Дорожник» саяжайында объектілік табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
  2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайды жою басшысы болып Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Н.К. Несіпбеков тағайындалсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл ауданының әкімі                                      Е.Қыдыралыұлы

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 мая 2023