Аудан әкімінің тұрғындармен кездесулері барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы
|
№ |
Ауылдық округ атауы |
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер |
Орындалуы |
|
|
Өрнек ауылдық округі, 25.01.2023 жыл |
||||
|
1. |
Өрнек ауылдық округі |
Өрнек ауылы А.Омаров көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) салу |
Өрнек ауылындағы А.Омаров көшесін орта жөндеу жұмыстарына (тротуарымен қоса) - 44 млн 409 мың теңге бөлінген (ұзындығы 974 метр). Орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігері анықталуда. Орындалу үстінде. |
|
|
2. |
Өрнек ауылдық округі |
Көктемгі егін жұмыстарына сапалы тұқым алу |
Көктемгі егін жұмыстарына сапалы тұқым себу мәселесі бойынша округтегі шаруа қожалық төрағалары мен кәсіпкерлерге ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Орындалды. |
|
|
Ерназар ауылдық округі |
||||
|
1. |
Ерназар ауылдық округі |
Ерназар ауылы, Әбдіхайым көшесінің бойынан Қаратау қаласының шығаберісіне дейін жол кедергілерін орнату |
Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне округке жол белгілерін орнату бойынша 2023 жылдың 31 қаңтары күні №58 хат жолданған. Жол кедергілерін орнату сәуір айына жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
|
Тоғызтарау ауылдық округі |
||||
|
1. |
Тоғызтарау ауылдық округі |
Тоғызтарау ауылындағы балалар ойын алаңы мен ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Тоғызтарау ауылындағы балалар ойын алаңы мен ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке ағымды жөндеу бойынша ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
|
2. |
Тоғызтарау ауылдық округі |
Тоғызтарау ауылындағы «Сұлтан» каналының бойынан шлюз орнату |
Тоғызтарау ауылындағы «Сұлтан» каналының бойынан шлюз орнатуға жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Орындалу үстінде. |
|
|
Аса ауылдық округі 10.02.2023 жыл |
|||||
|
1. |
Аса ауылдық округі |
Аса ауылдағы жол белгілерін реттеу, жол аппаттарының алдын алу үшін ауылішілк көшелерде бейнебақылау камераларын орнату |
Жамбыл АПБ тарапынан ауылдық округіндегі ауылішілік көшелерге қажетті жол белгілері бойынша нұсқаулық алынды. Жамбыл ауданы әкімідінің тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі берілген нұсқаулыққа сәйкес 2023 жылдың 2 тоқсанында жол белгілері орнатылатын болады. Орындалу үстінде. |
||
|
2. |
Аса ауылдық округі |
Аса ауылындағы Қуат каналының бойынан егістікке ағын су алатын шаруа қожалықтардың су алу ретін «Қазсушар» РМК Аса өндірістік мекемесі тарапынан реттеу |
Ауылдық округте орналасқан «Қуат» каналының ауыл ішінен өтетін тұсы бетондалып, қайта қазылып жөнделуде. Егістікке қажетті су каналдың жөндеу жұмыстары біткенше қосалқы арнамен берілуде. Мердігер каналдың ескі арналарын көктемгі вегетациялық кезеңге дейін қалпына келтіріп беруді жоспарлап отыр. «Қазсушар» РМК Аса өндірістік мекемесі тарапынан су алатын шаруа қожалықтармен келісім алдын ала жасалынып, су ретімен берілетін болады. Орындалу үстінде. |
||
|
3. |
Аса ауылдық округі |
Аса ауылында орналасқан бейімделу орталығына баратын жолды жөндеу |
Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес ауылішілік жолдарды, оның ішінде «Шұғыла-Радуга» газеті редакциясының алдымен қоса Абай көшесінің бұрылысын (3 027,0 мың теңге) асфальттау қажет етеді. Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен аталған қаражат мақұлданып, қазіргі таңда конкурстық тәртіппен мердігер анықталуда. Орындалу үстінде.
|
||
|
Ақбастау ауылдық округі |
|||||
|
1. |
Ақбастау ауылдық округі |
Шоқай ауылындағы жаңа мектепке барар жолды жөндеу және түңгі жарықтандыруды жүргізу |
Шоқай ауылындағы жаңа мектепке оқушыларға баратын жолдың орта жөндеу жұмыстары мен түңгі көше жарығын орналастыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 20 млн теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылған. Ағымдағы жылы қаржыландыру жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
||
|
Қаракемер ауылдық округі |
|||||
|
1. |
Қаракемер ауылдық округі |
Қаракемер ауылында тұрғын үй соғуға берілген (үйлері бұзылып) бос жатқан жер телімдерін ауыл тұрғындарына беру |
2007-2010 жылдары Қаракемер ауылында арнайы алқап бекітіліп, 2007 жылдан бастап тұрғын үй соғуға жер учаскелері берілген. 2011 жылға дейін алған жер учаскелердің шешімінде тұрғын үй соғу мерзімі көрсетілмеген. 2011 жылдың 6 тамызында Үкімет қаулысы бойынша 2, кейін 3 жыл қысқа мерзімге шешімде көрсетілетін болды. Қаракемер ауылы бойынша авариялық апатта және бос тұрған жер телімдері жоқ. Қазіргі таңда Қаракемер ауылдық округінде 137 азамат жер кезегінде тұр. Инженерлік-инфрақұрылымы жүргізілген дайын жер телімдері болған жағдайда кезектілікке сәйкес таратылатын болады. Орындалды. |
||
|
2. |
Қаракемер ауылдық округі |
Қаракемер ауылының ауыз су жүйесінің құбырын қалыпқа келтіріп, ауыз су жүйесін іске қосу |
Қаракемер ауылында 256 аула ескі су мұнарасынан уақытша ауыз су тұтынуда. 2022 жылдың 27 қазанда жаңа ауыз су жүйесінің құрылысы басталып, 90 пайыз үйлерге ауыз су құбырлары тартылды. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі жоспарға сәйкес 27.07.2023 жыл. Орындалу үстінде. |
||
|
3. |
Қаракемер ауылдық округі |
Қаракемер ауылы, А.Молдагулова және М.Маметова көшелеріне шағал төсеу |
Қаракемер ауылындағы А.Молдагулова және М.Маметова көшелеріне шағал төсеуге 2 млн 400 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялауға құжаттары әзірленуде. Орындалу үстінде. |
||
|
Қарасу ауылдық округі 15.02.2023 жыл |
|||||
|
1. |
Қарасу ауылдық округі |
Ащыбұлақ ауылы маңында орналасқан Тастөбе ауылының тұрғыны пайдаланып отырған 100 гектар көлеміндегі мал жайылым (шабындық) жерді Қарасу ауылдық округінің иелігіне қайтару |
Көлқайнар және Қарасу ауылдық округ тұрғындар арасында осы мәселеге байланысты 2022 жылы арнайы жиналыс өткізіліп, Қарасу ауылдық округіндегі аз қамтылған (малы бар) отбасыларына жыл сайын шөп берілетін болып шешілген. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды. |
||
|
2. |
Қарасу ауылдық округі |
Ащыбұлақ ауылының мал өрісіне шығу үшін Көлқайнар ауылдық округіне тиесілі «Құтжан» шаруа қожалығының жерінен өткізу |
Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылының тұрғыны А.Құтжанға 2015 жылы ауылдық округ әкімінің шешімімен елдімекен жері берілген. Аталған мәселе бойынша Жамбыл ауданының прокуратурасына және аудан әкіміне арнайы хаттар және тұрғындар тарапынан тиісті өтініштер жолданып, аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, тұрғындарға комиссия мүшелері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, екі жақты келісім жасалған. Орындалды. |
||
|
3. |
Қарасу ауылдық округі |
Шайдана ауылындағы Ә.Жылқыбайұлы көшесін жөндеу |
Шайдана ауылындағы Ә.Жылқыбайұлы көшесін жөндеуден өткізуге жобалық құжаттары сараптамадан өткізуге әзірленуде. Сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік ұсыным жолданатын болады. Орындалу үстінде. |
||
|
Көлқайнар ауылдық округі |
|||||
|
1. |
Көлқайнар ауылдық округі |
Еңбек ауылының кіреберісі мен шығаберісіне бейне бақылау камераларын орнату |
Еңбек ауылының кіреберіс және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, ағымдағы жылғы бюджеттік өтінім беру жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
||
|
Ақбұлым ауылдық округі 24.02.2023 жыл |
|||||
|
1. |
Ақбұлым ауылдық округі |
Мал жайылымы мәселесін шешу |
ҚР «Жайылымдар туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, өз құзырлары шегінде, өзара ынтымақтастық туралы округ бойынша 34 шаруа қожалық басшылары мен ауыл әкімі арасындағы Меморандумға қол қойылған. Меморандумның мақсаты елді мекендер маңындағы жайылымдардың тозуына жол бермеу, шаруа қожалықтарға тиеселі жайылымдық жер учаскелерін ауыл тұрғындары ортақ келісім арқылы пайдалану, мал жайылымына деген тапшылықтың алдын алу мәселелеріндегі ынтымақтастық болып табылады. Қажеттілік мал басына шаққанда ауылға 31 455,0 га жайылым. Елді мекеннен 5 шақырым радиуста жайылымы бар 34 шаруа қожалығы орналасқан. Ақбұлым ауылдық округі аумағындағы мемлекеттік жер қоры «Ақбұлым» учаскесі жерінен 94,0299 га жайылымды жер учаскелерін ауылдық округі есебіне бекіту жоспарлануда. Қазіргі таңда жер учаскелеріне жерге орналастыру жобасы дайындалуда. Жайылым көлемі 1457 гектарды құрайды. Оның 876 гектары ауылдық округінің есебінде болса, қалған 581 гектары ауылдық округ аумағындағы орналасқан шаруа қожалықтарға тиеселі. Орындалу үстінде. |
||
|
2. |
Ақбұлым ауылдық округі |
Жібек жолы көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Ақбұлым ауылындағы Жібек жолы көшесін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. еселі. Орындалу үстінде. |
||
|
3. |
Ақбұлым ауылдық округі |
Ақбұлым ауылына мәдениет соғу |
Ақбұлым ауылында мәдениет үйін соғу үшін жер телімі анықталып, жерге орналастыру жобасы әзірленді. 2022 жылы жобалық-сметалық құжатамасы әзірленіп, сараптама қорытындылары алынып, республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінуіне бюджеттік өтінімдер ұсынылды. 100 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу бойынша құны – 355 176,005 мың теңге. Орындалу үстінде. |
||
|
4. |
Ақбұлым ауылдық округі |
Баймырза Бесбаев көшесін жөндеу |
Ағымдағы жылы Б.Бесбаев көшесінің 1,2,3 участоктерін орташа жөндеуге 36,0 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілуде. (Мердігері «ТаразПрогресс» ЖШС. Жоспарға сәйкес маусым айына дейін жұмыстар аяқталады) Орындалу үстінде. |
||
|
Жамбыл ауылдық округі 24.02.2023 жыл |
|||||
|
1. |
Жамбыл ауылдық округі |
Шайқорық ауылындағы Р.Момбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу |
Шайқорық ауылы, Р.Момбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) салу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылатын болады. Орындалу үстінде. |
||
|
2. |
Жамбыл ауылдық округі |
Ш.Ниязбеков ауылының көшелеріндегі ауыз су құдықтарының қақпақтарын қалпына келтіру |
Ш.Ниязбеков ауылындағы көшелеріндегі ауыз су қақпақтарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қалпына келтіруге тиісті органдарға хат жолданды. Орындалу үстінде. |
||
|
3. |
Жамбыл ауылдық округі |
Шайқорық ауылының барлық көшелеріне жол белгілерін талапқа сай орнату |
Аудандық жол-патрульдік полиция бөлімінің ұйғарымын алу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
||
|
4. |
Жамбыл ауылдық округі |
Егін судың бағасын белгілеу |
Егін судың бағасын реттеу бойынша облыстық «ҚазСушар» мекемесіне ұсыныстар жолданды. Орындалу үстінде. |
||
|
Қаратөбе ауылдық округі 24.02.2023 жыл |
||||
|
1. |
Қаратөбе ауылдық округі |
Бектөбе ауылына жүргізілген тротуардың сапасын зерделеп, Қылышбай көшесіне амбулатория салынады деп қазылған жерлерді ретке келтіру |
Бектөбе, Қызылшарық ауылдарына жоспарланган ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілгеннен кейін ауылішілік жолдар жөндеуден өткізіліп, тротуарлар жүргізу жоспарлануда. Қылышбай көшесіне амбулатория салынады деп қазылған жерлерді ретке келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Орындалу үстінде. |
|
|
2. |
Қаратөбе ауылдық округі |
Бектөбе ауылындағы Х.Ерғалиев көшесіндегі арыққа көпір салу |
Бектөбе ауылы, Х.Ерғалиев көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына, оның ішінде арыққа көпір орнатуға, жергілікті бюджет есебінен 3 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
|
3. |
Қаратөбе ауылдық округі |
Бәйтерек ауылында жайылым жер мәселесін шешу және ауылға жақын жерде орналасқан карьердің орнын басқа жерге ауыстыру |
Елді мекен маңындағы карьерлердің экологияға әсері бойынша облыстық тиісті мекемелерден сынамалар алынған. Қорытындыларына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады. Орындалу үстінде.
|
|
|
Айшабибі ауылдық округі 15.03.2023 жыл |
||||
|
1 |
Айшабибі ауылдық округі |
Райс каналының Қырғыз Республикасы шекарасының ішінде жатқан 400 метрін жөндеу |
Айшабибі ауылдық округінде мердігер СМУ «Бурводстрой» ЖШС-і «Раис» жүйесіне (3098 гектар суармалы егістік жер бар) жөңдеу жұмыстарын 71% жүргізіп, бүгінгі күнге жұмыстар жүргізілмеуде, вегетациялық кезеңге дейiн жұмыстары толық аяқталмау қаупі бар. «Раис» каналдар жүйесінің 2,4 шақырым темір-бетондау және 22 дана гидроқұрылғы орнату жұмыстары қалды. Соңымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде «Райс» каналының өткізу қабілетін 3,0 м³/с-тан 4,5 м³/с-қа дейін арттыру үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген, алайда, құрылыс жұмыстарының сапасыздығынан қойылған бетон блоктары құлап, шаруаларға ағын су жеткізуге қиындық тудыруда. Облыстық Казсушар мекемесімен бірлесіп зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
|
2 |
Айшабибі ауылдық округі |
Қаратау ауылына баратын жолды жөндеу |
Райс каналының жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан шұнқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы жауабы берілді. Орындалу үстінде. |
|
|
3 |
Айшабибі ауылдық округі |
Жаңадан қазылып жатқан ұңғымаларға, күйік асуының кіре берісіне соғылып жатқан нысандарға қажетті ауылдағы электр қуатының көлемін анықтау |
Кездесу барысында аудандық электр жүйесі басшысының соғылып жатқан нысандарға ауылдағы электр қуатының күшінің жеткілікті екені туралы жауап берілді. Орындалды. |
|
|
4 |
Айшабибі ауылдық округі |
Айшабибі ауылдық округінде интернет жылдамдығын арттыру |
Айшабибі ауылында Вeeline, теле2, kcell компанияларының антеналары орнатылған. 2021 жылы Қаратау ауылына kcell антенасы орнатылған, Әулиекөл ауылында халық саны аз болғандықтан байланыс компанияларына тиімсіз болып отыр. Алайда, тағыда байланыс компанияларға ұсыныстар жолданды. Орындалу үстінде.
|
|
|
5 |
Айшабибі ауылдық округі |
Айшабибі ауылында жаңадан соғылған 6 көшеге жаңадан су мұнарасын соғу |
Аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерімен зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
|
6 |
Айшабибі ауылдық округі |
Пияз дақылын егуді азайту және егін жиналғаннан кейін қалдықтарын жою |
Жеке шаруақожалық иелеріне пияз дақылын жинағаннан кейін құрал саймандары мен тұрмыстық қалдықтарын жинау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Орындалды. |
|
|
7 |
Айшабибі ауылдық округі |
Қаратау ауылындағы тозығы жеткен электр сымдарын ауыстыру |
Аудандық электр жоспарына сәйкес ағымдағы жылы электр сымдарына жөндеу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
|
Қарой ауылдық округі 15.03.2023 жыл |
||||
|
1 |
Қарой ауылдық округі |
Сұлутөр ауылындағы Алматы көшесін жөндеу |
2023 жылға Сұлутөр ауылына қарасты Алматы көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджет тарапынан 21 млн. 80 мың теңге қарастырылды. 2023 жылдың шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялауға құжаттары әзірленуде. Орындалу үстінде. |
|
|
2 |
Қарой ауылдық округі |
Сұлутөр ауылына қатынайтын №16 автобус маршрутын таңертеңгі уақытта жүру жиілігін арттыру |
Сұлутөр ауылына қатынайтын №16 автобус маршруты бойынша таңертеңгі уақытта жүру жиілігі артып, автобус жиілігінің арақашықтығы 8 минутқа қысқартылды. Орындалды. |
|
|
3 |
Қарой ауылдық округі |
Кемел ауылындағы Қырғыз көшесін орташа жөндеуден өткізу |
2023 жылға Кемел ауылына қарасты Қырғыз көшесін (1 шқ 723 метр) орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 46 млн. 94 мың теңге қаралды. 2023 жылдың шілде айынна дейін жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда конкурсқа жариялауға құжаттары әзірленуде. Орындалу үстінде. |
|
|
4 |
Қарой ауылдық округі |
Қарой ауылдық округі аумағындағы Мерхалық каналын және Алматы, Береке көшесіндегі каналдарды тазалау |
Қарой ауылдық округі аумағындағы Мерхалық каналын тазалауға облыстық Казсушар мекемесінің теңгерімінде болуына байланысты ұсыныс жолданды. Ауылдық округ теңгеріміндегі Алматы және Береке көшелерінің бойындағы 3 200 метр дренаж каналдарын тазалау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылғы 6 млн. 600 мың теңге қаралды. Мемлекетік сатып алу конкурсынан мердігері анықталуда. Орындалу үстінде. |
|
|
Бесағаш ауылдық округі 15.03.2023 жыл |
||||
|
1 |
Бесағаш ауылдық округі |
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-і Жамбыл филиалның егіншілік жерін ауыл тұрғындарына қайтару |
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-і Жамбыл филиалының егіншілік жерінің 50 гектарын уақытша пайдалануға беру үшін үш жақты мемерандум жасалып, жер учаскесін аударатын шаруа қожалығы анықталуда. Орындалу үстінде. |
|
|
2 |
Бесағаш ауылдық округі |
Ауыз су жүргізу жұмыстарын аяқтау |
Ауыз су кіргізу жұмыстары туралы проблемалық мәселелер ауыл тұрғындарының облыс әкімімен болған кездесуде көтеріліп, мамыр айына пайлануға берілу туралы тапсырма берілген. Бірақ жұмыстар өте баяу жүргізілуде. Бұл туралы ақпан айында құзырлы бөлім басшыларына хат жазылды. |
|
|
3 |
Бесағаш ауылдық округі |
Бесағаш ауылындағы Абай орта мектебінің сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Бесағаш ауылындағы Абай орта мектеп ғимаратының сыртын (фосад) күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Жоба құны 8 млн. 972 мың теңгені құрайды. Облыс әкімдігінің білім басқармасына бюджеттік өтінім жолданған. Орындалу үстінде.
|
|
|
4 |
Бесағаш ауылдық округі |
Түрксіб ауылындағы спорт мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу |
Түрксіб ауылындағы №13 спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан 6 млн. 600 мың теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жүргізілуде. Орындалу үстінде. |
|
|
Гродеково ауылдық округі 24.03.2023 жыл |
||||
|
1 |
Гродеково ауылдық округі |
Гродеково ауылындағы Тұран, Егізбаев көшелерін жөндеу |
Гродеково ауылындағы Тұран, Егізбаев көшелерін жөндеу 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. Жобалық құны 68 млн 563 мың теңге. Орындалу үстінде. |
|
|
2 |
Гродеково ауылдық округі |
Гродеково ауылы Көкөзек көшесіндегі электр бағаналарын ауыстыру |
Гродеково ауылы Көкөзек көшесінің 74 тұрғын үйлеріне бағаналарын қайта жаңарту, орнату жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. Жобалық құны 29 млн. 661 мың теңге. Орындалу үстінде. |
|
|
Қызылқайнар ауылдық округі 24.03.2023 жыл |
||||
|
1 |
Қызылқайнар ауылдық округі |
Қызылқайнар ауылындағы көшелерді жөндеу |
2023 жылы Қызылқайнар ауылындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, аудандық бюджеттен қаржысы қаралған. Мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру үшін ауылдық округ әкімінің өкімімен комиссия құрылып, мемлекетітк сатып алу конкурсын ұйымдастырушы бірыңғай оператор болып табылатын аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөліміне ұсынылды. Мердігер анықталғаннан кейін, ауылдық округ аумағындағы 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Құрылыс жұмыстарының жоспарлы жүргізу мерзімі 2023 жылдың маусым-тамыз айлары. Орындалу үстінде. |
|
|
2 |
Қызылқайнар ауылдық округі |
Қызылқайнар ауылындағы Бейсеу молда көшесінің бойынан тұрғындар демалатын аллея салу |
Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, Қызылқайнар ауылы Бейсеу молда көшесі бойынан демалыс аумағын құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу порталына ұсыну үшін құжаттары жасақталуда. 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін бірыңғай оператор болып тапбылатын аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөліміне ұсыну жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
|
Полатқосшы ауылдық округі 24.03.2023 жыл |
||||
|
1 |
Полатқосшы ауылдық округі |
Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлы жол көшесіне асфальт төсеу |
Жалпақтөбе ауылындағы Нұрлы жол және Түрксіб ауылындағы Р.Рүстембеков көшелерін орта жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсынылуда. Құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтсе, бюжеттік өтінім ұсыну жоспарлануда. Орындалу үстінде. |
|
|
2 |
Полатқосшы ауылдық округі |
Жалпақтөбе ауылындағы Бастау көшесін жөндеу |
Жалпақтөбе ауылы Бастау көшесіне асфальтты бетонды жабындысын төсеу үшін құны 11 млн 734 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. Орындалу үстінде. |
|