Ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы

Ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы

 

№

Елді мекен атауы

Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер

Орындалуы

Қаратөбе ауылдық округі 25.01.2023 жыл

1

Қаратөбе ауылдық округі, Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылында жайылым жер мәселесін шешу

Бәйтерек ауылында жайылым жер мәселесін шешу мақсатында ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шаруа қожалықтар малдарын құмға көшіруде.

Орындалу үстінде.

2

Қаратөбе ауылдық округі, Бәйтерек ауылы

Бәйтерек ауылында көбейген қаңғыбас итерді аулау

 Жамбыл аудандық ветеринария  станциясынан арнайы мамандар апта сайын қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде.

Полатқосшы ауылдық округі 25.01.2023 жыл

1.

Полатқосшы ауылдық округі, Жалпақтөбе ауылы

Жалпақтөбе ауылындағы Жалпақтөбе көшесінің бас жағындағы 10-15 ауланың газдың қысымын арттыру

Жалпақтөбе ауылы, Жалпақтөбе көшесінің  бас жағындағы үйлердің газ қысымын жоғарылату үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл аудандық филиалы қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ШГРП арқылы газ қысымын көтерді.

Орындалды.

Қызылқайнар ауылдық округі 25.01.2023 жыл

1.

Қызылқайнар ауылдық округі, Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылына «Beeline»  операторының мұнарасын орнату

Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының ұсынысына сәйкес «Beeline»   ұялы байланыс операторы тарапынан Жасөркен ауылына  байланыс мұнарасы орнатылды. Қазіргі кезде «Beeline» ұялы байланысы және интернет желісі тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

Орындалды.

 

2.

Қызылқайнар ауылдық округі, Жасөркен ауылы

Жасөркен ауылында ауыз су қысымын көтеру

Жасөркен ауылының су мұнарасының су қысымының төмен болуына байланысты тапсырыс беруші аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігермен келіссөздер жүргізілді. Өз кезегінде мердігер тарапынан су сору скважинасының ЭЦВ маркалы насосы жаңасына ауыстырылды және су сору насосы косымша 12 метр тереңдікке түсірілді.

Қазіргі кезде су мұнарасы толықтай жұмыс атқаруда. Ауылдық округ әкімдігі тарапынан абоненттерді қосу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Орындалды.

Айшабибі ауылдық округі 26.01.2023 жыл

1.

Айшабибі ауылдық округі, Қаратау ауылы

Қаратау ауылындағы Б.Момышұлы көшесінің жартысына тас жол салу

Қаратау ауылындағы Б.Момышұлы көшесінің жартысына тас жол салуға жобалық-сметалық құаттары әзірленіп, бюджеттік ұсыным берілген. Қаржыландыру күтілуде.

Орындалу үстінде.

2.

Айшабибі ауылдық округі, Қаратау ауылы

Қаратау ауылына жаңа медициналық пункт салу

Қаратау ауылына медициналық пунк құрылысын жүргізу жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін жоспарланған.

Орындалу үстінде.

3.

Айшабибі ауылдық округі, Қаратау ауылы

Қаратау ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналары мен электр сымдарын ауыстыру

Қаратау ауылындағы тозығы жеткен электр бағаналары мен электр сымдарын ауыстыру үшін аудандық электр жүйесі мекемесіне сұраныс жолданды.

Орындалу үстінде.

 

 

 

 

 

Көлқайнар ауылдық округі 26.01.2023 жыл

1.

Көлқайнар ауылдық округі, Қостөбе ауылы

Қостөбе ауылындағы О.Тұрсынбаев көшесін жарықтандыру

Қостөбе ауылындағы О.Тұрсынбаев көшесін жарықтандыру жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Орындалу үстінде.

Аса ауылдық округі 26.01.2023 жыл

1.

Аса ауылдық округі, Рахат ауылы

Рахат ауылындағы көшелерді жарықтандыру

2022 жылы демеушілер тарапынан Рахат ауылындағы А.Жақсылықов көшесі жарықтандырылған. Ал, Рахат ауылындағы көше жарығы жоқ С.Айдаров, Ю.Гагарин және К.Оспанқұлов көшелерін түнгі мезгілде жарықтандыру үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған.

Орындалу үстінде.

2.

Аса ауылдық округі, Рахат ауылы

Рахат ауылында иесіз, қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізу

Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес иесіз, қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бақылауға алынған.

Орындалу үстінде.

Жамбыл ауылдық округі 26.01.2023 жыл

1.

Жамбыл ауылдық округі, Ш.Ниязбеков ауылы

Ш.Ниязбеков ауылына кіреберісінде, Ж.Жантеліұлы және Б.Досымбекұлы көшелеріндегі аулаларда жер асты суының көтерілуіне байланысты мәселені шешу жолдарын қарастыру

Жер асты су көтерілу мәселесі бойынша Жамбыл облысы бойынша «Шу-Талас бассейіні», «Су шаруашылығы институты», «ҚазСушар» мекемелеріне су көтерілу себептерін анықтау бойынша арнайы сұраныс жолданды. Қазіргі уақытта аталған мекемелер тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде.

2.

Жамбыл ауылдық округі, Ш.Ниязбеков ауылы

Ауыл ішіндегі қараусыз, қаңғыбас иттерді аулау

Ауыл тұрғындарының сұранысына сәйкес иесіз, қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бақылауға алынған.

Орындалу үстінде.

Айшабибі ауылдық округі 16.02.2023 жыл

1.

Айшабибі ауылдық округі, Әулиекөл ауылы

Әулиекөл ауылындағы тозығы жеткен электр жарығы сымдарын ауыстыру

Әулиекөл ауылындағы тозығы жеткен электр сымдарын ауыстыру үшін аудандық электр жүйесі мекемесіне сұраныс жолданды.

Орындалу үстінде.

2.

Айшабибі ауылдық округі, Әулиекөл ауыл

Әулиекөл ауылындағы көше жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ағымдағы жылы Әулиекөл ауылындағы Кербұлақ көшесіне орта жөндеуге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып ал конкурсы өтуде.

Орындалу үстінде.

 

Ақбұлым ауылдық округі 16.02.2023 жыл

1.

Ақбұлым ауылдық округі, Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылындағы А.Төлебеков көшесінің айналасындағы иесіз иттерді аулау

Жамбыл ауданы әкімдігінің ветеринариялық қызмет ШЖҚ КМК қызметкерлерімен А.Төлебеков көшесінің бойы мен ауыл аумағында иесіз иттерді аулау жұмыстарын жүргізді.

Орындалды.

2.

Ақбұлым ауылдық округі, Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылындағы Баймырза Бесбаев көшесін жөндеу

Ағымдағы жылы Б.Бесбаев көшесінің 1,2,3 участоктерін орташа жөндеуге 36,0 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілуде. (Мердігері «ТаразПрогресс» ЖШС. Жоспарға сәйкес маусым айына дейін жұмыстар аяқталады)

Орындалу үстінде.

3.

Ақбұлым ауылдық округі, Ақбұлым ауылы

Ақбұлым ауылына мәдениет соғу

Ақбұлым ауылында мәдениет үйін соғу үшін жер телімі анықталып, жерге орналастыру жобасы әзірленді. 2022 жылы жобалық-сметалық құжатамасы әзірленіп, сараптама қорытындылары алынып, республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінуіне бюджеттік өтінімдер ұсынылды. 100 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу бойынша құны – 355 176,005 мың теңге.

Орындалу үстінде.

Гродиково ауылдық округі 16.02.2023 жыл

1.

Гродеково ауылдық округі, Қызылдихан ауылы

Қызылдихан ауылындағы арықтарды тазалау, жарық қуатын арттыру

Қызылдихан ауылының тұрғындарымен арықтарының тазалануы ұйымдастырылып, ауылішілік арықтар тазаланды, сыртқы арықтар әкімшілік тарапынан тазартылды.

Орындалды.

Жарықтың қуатын арттыру үшін қалалық электр жүйесі мекемесіне сұраныс жолданды. Ағымдағы жылы Қызылдихан ауылы Байтерек көшесінің 63 тұрғын үйлеріне, Олжабаев, Сайрам, Ақмешіт, Отырар көшелерінің 58 тұрғын үйлеріне электр бағаналарын қайта жаңартуға, орнатуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. Жоба құны 62 млн. 633 мың теңге.

Орындалу үстінде.

Ерназар ауылдық округі 16.02.2023 жыл

1.

Ерназар ауылдық округі, Ерназар ауылы

Ерназар ауылындағы Қошманбетов көшесіндегі жарылған су құбырын, сыртқа жайылған суды қалыпқа келтіру

Ауылдық округтегі Қошманбетов көшесінде жарылған  су құбыры жөнделіп, қалпына келтірілді. 

Орындалды.

 

Жамбыл ауылдық округі 16.02.2023 жыл

1.

Жамбыл ауылдық округі, Қапал ауылы

Қапал ауылына соғылатын 80 орындық мектепке баратын Т.Рысқұлов орталық көшесін жөндеп, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол жанын жаяу жүргіншілер жолын салу

Қапал ауылындағы Т.Рысқұлов көшесіне жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.  Жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бюджеттік ұсыным жолданатын болады.

Орындалу үстінде.

2.

Жамбыл ауылдық округі, Қапал ауылы

Жастарға пай есебінен жер учаскесін беру

1997 жылы Жер кодексі жаңадан бекітілген кезде  шаруашылықта жұмыс істейтін жұмысшыларға, мұғалімдерге, зейнеткерлерге жер пай ретінде бөлініп берілген. Қазіргі уақытта жастарға, шаруамен айналысатын адамдар бос жатқан жерлерге шаруа қожалық ашуға конкурс арқылы берілуде. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Орындалды.

Бесағаш ауылдық округі 16.02.2023 жыл

1.

Бесағаш ауылдық округі, Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылындағы спорт мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Түрксіб ауылындағы №13 спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан 6 млн. 600 мың теңге қаралып, жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жүргізілуде.

Орындалу үстінде.

2.

Бесағаш ауылдық округі, Түрксіб ауылы

Түрксіб ауылында ауыз су кіргізу жұмыстарын аяқтау

2023 жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстарына қажетті материалдардың қымбаттауынан мердігер тарапынан құрылыс жұмыстары тоқтаған.

Бүгінгі күнге мердігер өкілдері мен ауыл тұрғындарының ортақ жиналысы өткізілді. Мердігер құрылыс жұмыстарын қысқа мерзімде жүргізу үшін басқа облыстардағы қажетті техникаларымен жұмысшыларын алдыруда. Құрылыс жұмыстарын сәуір айының басында қарқынды түрде жүргізуге мердігер мекемемен келісім жасалды.

Орындалу үстінде.

3.

Бесағаш ауылдық округі, Түрксіб ауылы

Желтоқсан көшесіндегі жарықты кешкі сағат 19:00-де жағу және көшедегі қоғамдық тәртіпті ретке келтіру

Желтоқсан көшесіндегі жарық кешкі қараңғы түскен уақытта жанып, бейнебақылау комерасы орнатылды. Учаскелік полиция инспекторлары тарапынан көшеде ішімдік ішіп мас болып жүретін тұрғындармен жұмыс жүргізілді.

Орындалды.

Қарой ауылдық округі 23.02.2023 жыл

1.

Қарой ауылдық округі, Кемел ауылы

Кемел ауылындағы Қырғыз көшесін орташа жөндеуден өткізу

2023 жылға Кемел  ауылына қарасты Қырғыз  көшесін (1 шқ 723 метр) орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге                    46 млн. 94 мың теңге қаралды. 2023 жылдың шілде айынна дейін жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда конкурсқа жариялауға құжаттары әзірленуде.

Орындалу үстінде.

2.

Қарой ауылдық округі, Кемел ауылы

Кемел ауылы Қырғыз көшесіне ауыз су жүргізу

Кемел ауылына 2023 жылға ауыз су жүргізуге жалпы құны 11 млн. 280 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде.

Орындалу үстінде.

Көлқайнар ауылдық округі 23.02.2023 жыл

1.

Көлқайнар ауылдық округі, Жамбыл ауылы

Жамбыл ауылында тозығы жеткен электр желілері мен электр бағаналарын ауыстыру

Жамбыл аудандық электр желілері жүйесі мекемесіне қосымша трансформатор орнату қажеттігі туралы  ұсыныс жолданып, аудан көлеміндегі елді мекендердің электр желілері мен бағандарын, трансформаторларын жөндеу, ауыстыру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілетіндігі туралы ақпараттандырылды.

Орындалу үстінде.

Тоғызтарау ауылдық округі 23.02.2023 жыл

1.

Тоғызтарау ауылдық округі, Құмсуат ауылы

Құмсуат ауылында мал жайылымын шешу

Құмсуат ауылында «Атамұра» шаруа қожалығымен   меморандумға тұру арқылы жайылым мәселесі толық шешілді. Жайылым тапшылығы жоқ.

Орындалды.

Қаракемер ауылдық округі 23.02.2023 жыл

1.

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылы

Құмсуат ауылында мал жайылымын шешу

Құмтиын ауылының тұрғындарының жеке малдары Тараз-Саудакент жол бойындағы Көделі мал жайылымына шығарылады.

Орындалды.

2.

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы Ұлы Отан соғысында және ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған монументті әкімшілік теңгеріміне алу

Құмтиын ауылындағы Ұлы Отан соғысында және ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған монументті әкімшілік теңгеріміне алуға Заң аясында құжаттары рәсімделуде.

Орындалу үстінде.

3.

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы №2 орта мектебіне спорт залын соғу

Құмтиын ауылындағы №2 орта мектебіне спорт залын соғу үшін облыс әкімдігінің білім басқармасына ұсыныс жолданды.

Орындалу үстінде.

4.

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы Т.Мұсабекұлы көшесін жарықтандыру

Құмтиын ауылындағы Т.Мұсабекұлы көшесін жарықтандыру үшін құжаттары әзірленіп, өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде.

Орындалу үстінде.

5.

Қаракемер ауылдық округі, Құмтиын ауылы

Құмтиын ауылындағы С.Смайыл көшесі бойындағы жолға шағал төсеу

Құмтиын ауылындағы С.Смайыл көшесінің бойындағы жолға шағал төсеу үшін құжаттары әзірленіп, өтінім ұсынылған. Қаржыландыру күтілуде.

Орындалу үстінде.

Көлқайнар ауылдық округі 17.03.2023 жыл

1

Көлқайнар ауылдық округі, Көлқайнар ауылы

Көлқайнар ауылдық округі, Көлқайнар ауылынан Абай ауылына дейінгі                              2,5 шақырым жолды жөндеу

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 109 млн 316 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға өткізілген. Сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім ұсыну жоспарлануда.

Орындалу үстінде.

Көлқайнар ауылдық округі 17.03.2023 жыл

1

Көлқайнар ауылдық округі, Еңбек ауылы

Еңбек ауылының кіреберіс және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату

 

Еңбек ауылының кіреберіс және шығаберісіне бейнебақылау камераларын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсыну жоспарлануда.

Орындалу үстінде.

Ақбастау ауылдық округі 17.03.2023 жыл

1

Ақбастау ауылдық округі, Шоқай ауылы

Ақбастау ауылдық округі Шоқай ауылындағы Қ.Рысқұлов және О.Жалпанова көшелерін жөндеу

Шоқай ауылындағы Қ.Рысқұлов көшесіне (ұзындығы 1086 метр) және О.Жалпанова көшесіне (ұзындығы 1115 метр)  орта жөндеу жұмыстарына 48 млн 160 мың теңгеге конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалу үстінде.

Қаракемер ауылдық округі 17.03.2023 жыл

1

Қаракемер ауылдық округі, Сеңгірбай ауылы

Сеңгірбай ауылындағы Аса-Шайдана бағытындағы жолға аялдама салу

Сеңгірбай ауылындағы Аса-Шайдана бағытындағы жолға аялдама салу мәселесі тиісті органдармен зерделенуде.

Орындалу үстінде.

 

 

Дата публикации
01 апреля 2023