Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекіту туралы

 

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 5-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-1-бабына сәйкес:

  1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесіосы өкімніңқосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Апсадыкович Селеубаевқа жүктелсін.
  3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Жамбыл ауданының әкімі                                               Е.Қыдыралыұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Жамбыл ауданы әкімінің
2023 жылғы «21» ақпандағы № 57 өкіміне қосымша

 

 

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың,

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың
ТІЗБЕСІ

 

  1. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2.Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары
(қаржылық мәселелерге жетекшілік ететін);

  1. Жамбыл ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы.
Дата публикации
06 марта 2023