Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына

кандидаттарды тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 104 бабы 6-1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының шешімдерімен Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгендігі жөнінде хабарлайды:

 

№1 сайлау округі бойынша:

  1. Дарменкулов Нурболат Аязович, 1983 жылы туған, Бірлесу-Еңбек орта мектеп, директордың орынбасары, қазақ, Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Кундызбаев Асхат Аскарулы, 1992 жылы туған, «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС, бас директор, қазақ, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

         №2 сайлау округі бойынша:

  1. Жаманбаев Бауыржан Наметкулович, 1953 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Мураталиев Сабыр Кенетович, 1983 жылы туған, Қ.Сартбаев атындағы орта мектебі, директор, қазақ, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

         №4 сайлау округі бойынша:

  1. Алдашев Нұржан Асқарұлы, 1994 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы, маман, қазақ, Жамбыл ауданы Танты ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
  2. Аманбеков Сейт Райқұлы, 1967 жылы туған, «ТИЕС - Тараз» ЖШС, директор, қазақ, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Булекбаев Талгат Балтабаевич, 1976 жылы туған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалының Жамбыл аудандық бөлімшесі, басшы, қазақ, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

№6 сайлау округі бойынша:

  1. Алтынбеков Нурсултан Сакенович, 1990 жылы туған, Б.Тайшапұлы атындағы орта мектеп, директордың орынбасары, қазақ, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

№8 сайлау округі бойынша:

  1. Данайбек Еламан Ақылбекұлы, 1995 жылы туған, №2 облыстық мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебі, жаттықтырушы, қазақ, Жамбыл ауданы Айшабибі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

№14 сайлау округі бойынша:

  1. Исмайлова Калила Мамадияровна, 1969 жылы туған, Ә.Тарази атындағы тірек мектеп, директор, қазақ, Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Сарсенбаева Айгерим Арыстанбековна, 1988 жылы туған, Жамбыл облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы өңірі, құқықтық инспектор, қазақ, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттықпартиясы ұсынған.

 

Дата публикации
15 февраля 2023