Жамбыл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 25 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен бекітілген
Жамбыл ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және
Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
Комиссияның негізгі міндеттері
1) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының және Қазақстан қатысушы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі отбасы мен гендерлік теңдікке қатысты кешенді өңірлік бағдарламаларды қалыптастыру;
2) отбасы мүдделерін қорғау бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) аудандағы гендерлік жағдайды зерттеу, Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
4) әлеуметтік – экономикалық мәселелер бойынша өңірлік тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
6) ерлердің, әйелдер мен балалардың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгізу;
7) ауданның жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың комиссияның құзіретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау, облыс әкімінің тиісті ұсынымдарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұсыныстарын әзірлеу;
9) отбасы, гендерлік теңдіктің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтінішін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау.
Комиссияның өкілеттілігі
3.Комиссия өз құзіретінің шегінде:
1) өзінің отырысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлшектерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;
2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен қажетті құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдері бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс жасауға;
4) аудан әкімі, әкімдігі отбасы істері және гендерлік саясат мүдделерін қозғайтын кесімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдерін комиссияның жүргізілуіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін комиссия отырысында шақыруға құқықты.
6) Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолдай алады.
Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді.
1) комиссияның қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;
1) комиссия отырыстарының күн тәртібін дайындайды;
2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және оны бақылайды;
Комиссияның қызметін қамтамасыз ету