Жамбыл ауданы әкімінің аппараты
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округтер тарапынан 2022 жылдың 12 айында 49 қызмет түрі бойынша,
Оның ішінде:
2022 жылдың 12 айында 25 654 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 1089 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2022 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 4.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 356 түсіндірме іс-шаралары жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 19 572 халық қамтылды.
2022 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 13 ЖАО-ның қызметкерлері өтті.
Жамбыл ауданы әкімдігіне қарасты аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдары мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілетін бақылау шараларының 2022 жылға арналған жоспарына сәйкес,
I-тоқсанда Көлқайнар, Қарасу а/о жүргізілді. 4 ұсыным беріліп орындалды.
II-тоқсанда Ақбастау а/о ішкі бақылау жүргізілді, кемшіліктер орын алмады.
III-тоқсанда Ерназар, Өрнек, Аса а/о-де жүргізілді. 7- ұсыным, 1-тәртіптік жауапкершілік қаралды.
IV-тоқсанда Халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімшесінде жүргізілді. 4 ұсыным беріліп, орындалды.