Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №01 «Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 15 (он бес) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Жамбыл аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінде орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары Қ.Ошақбай
Хатшы А.Отыншиев