Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 15 (он бес) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Жамбыл аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Шұғыла-Радуга» газетіне орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сайлау комиссиясы

төрағасының орынбасары                                      Қ.Ошақбай

 

 

Хатшы                                                                                 А.Отыншиев

 

Дата публикации
29 декабря 2022