Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28195 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
|
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жабайы жануарлар – жабайы табиғат табиғи мекендеу ортасы болып табылатын, оның ішінде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар;
2) жануарларға арналған оңалту орталығы – жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға не табиғи мекендеу ортасына қайтарылуға жататын немесе жатпайтын, тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған, табиғи жағдайларда тіршілік ете алмайтын жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) шектеулі қабылдауға, емдеуге, уақытша ұстауға, оңалтуға және бейімдеуге арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
4) комиссия – жабайы жануарларды өздері мекендейтін ортаға қайтару мүмкін болмайтын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган құратын комиссия.
2-тарау. Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау тәртібі
1) Жабайы жануарлардың түрі мен саны және олардың жеке белгілері (жынысы, есепке алу бұйымы (құралы), лақап аты, белгілері (бар болса), сондай-ақ ықтимал морфологиялық ерекшеліктері), жабайы жануарлардың мәртебесі туралы мәліметтер (иелері меншік құқығынан бас тартқан тәркіленген, табылған, жабайы жануарлар);
2) жабайы жануарларды тәркілеу негізі;
3) жабайы жануардың денсаулық жағдайы;
4) күтіп-бағуға қажетті жағдай жасауға қабілетті жеке немесе заңды тұлғаларды күтіп-бағу орнының атауы және есептік нөмірі;
5) жабайы жануарларды үйреншікті мекендеу ортасына қайтару шарттары болуға тиіс.
6) жануарлардың иесінің жоқтығы туралы мәлімет.
|
|
Өздерінің мекендеу ортасына |
Нысан
АКТ
қабылдау-тапсыру
№_____
күні: ___ ________ ____ г.
Жануарды берген заңды тұлғаның БСН және атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жануарды берген адамның тегі және аты, әкесінің аты (бар болса):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жануарды қабылдаған заңды тұлғаның БСН және атауы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жануарды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты (бар болса):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қабылдау-тапсыру мақсаты: __________________________________________
Берілетін жануарлардың түрі: _________________________________________
Берілетін жануарлар саны:____________________________________________
Берілетін жануарлардың жеке белгілері: ________________________________
Тәркілеу негізі: _____________________________________________________
Тапсырды ТАӘ Беру күні:
Қабылдады ТАӘ Қабылдау күні:
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК