Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28148 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.09.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Үй жануарларын есепке алу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесі бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
|
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Үй жануарларын есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жануарларды есепке алу жөніндегі біріңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, олар бойынша жануарларды, оқиғалар мен іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы;
2) веб-порталы (бұдан әрі-веб-портал) – деректер базасына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын - Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
3) ветеринар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың қызметкері;
4) жануардың иесі – жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
5) үй жануарлары (компаньон - жануарлар) (бұдан әрі- жануарлар) – қай түрге жататына қарамастан, адам эстетикалық қажеттіліктері және қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дәстүрлі түрде асырайтын және өсіретін жануарлар;
6) зоологиялық жатынжай - дара кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға құрған, жануарлардың иелерімен келісу бойынша үй жануарларын (компаньон - жануарларды) уақытша ұстауға немесе ұстай тұруға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
7) зоологиялық питомник - дара кәсіпкер, мемлекеттік не мемлекеттік емес заңды тұлға құрған, асыл тұқымдық құндылығы бар немесе арнаулы мақсаттағы жануарларды ұстау және өсіру үшін әдейі жабдықталған және соған арналған мүліктік кешен;
8) үй жануарларын есепке алу бұйымдары (құралдары) – үй жануарларын есепке алу үшін пайдаланылатын болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
9) клиент–тұлға деректер базасын пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін тұлға;
10) контактілі зоопарк – үй жануарларды көпшілікке демонстрациялау және келушілерге физикалық контакт беру мақсатында оларды ұстау үшін пайдаланылатын арнайы жабдықталған құрылысжайлар, үй-жайлар, көлік, торлар, қоршаулар және басқа да конструкциялар;
11) жеке кабинет – оқиғаларды және үй жануарымен жасалатын операцияларды тіркеу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйеде қамтылған жазбалар жиынтығы;
12) ұстау орны – жануардың иесі және (немесе) жауапты адам пайдаланатын, жануар ұсталатын ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;
13) жануарды таңбалау-жануарға (жануарға) үй жануарларын есепке алу бұйымдарын (құралдарын) салу процесі;
14) жауапты адам – жануар иесінің осы Заңда белгіленген құқықтары мен міндеттерін жануар иесінің жазбаша тапсырмасы бойынша өзіне алатын адам;
15) жылжымалы хайуанаттар бағы – үй жануарларын ұстау және тасымалдау арқылы ғылыми маңызы жоқ цирк, эстрада, ойын-сауық қызметінде үй жануарларын көпшілікке демонстрациялау үшін пайдаланылатын арнайы жабдықталған жылжымалы конструкциялар, оның ішінде торлар;
16) үй жануарларының паспорты – үй жануарының иесіне тиесілі үй жануарына қатысты белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы көрсетіле отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын, үй жануарының иесі және/немесе ветеринар ақпараттық жүйеде қалыптастыратын электрондық құжат;
17) үй жануарларына арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған үй жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон- жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
18) үй жануарларын уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған, қараусыз, қаңғыбас үй жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон – жануарларды) уақытша ұстауға әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
19) жануарларға арналған оңалту орталығы – жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға не табиғи мекендеу ортасына қайтарылуға жататын немесе жатпайтын, тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған, табиғи жағдайларда тіршілік ете алмайтын үй жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон – жануарларды) шектеулі қабылдауға, емдеуге, уақытша ұстауға, оңалтуға және бейімдеуге арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
20) тіркеуші – ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе мемлекеттік емес заңды тұлға немесе жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым;
21) аулау қызметі – үй жануарларын аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
22) стерилизациялау – жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;
23) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Үй жануарларын есепке алу тәртібі
1–параграф. Үй жануарларын есепке алу рәсімі
1) үй жануарының тууы;
2) үй жануарының импорты;
3) қараусыз (таңбаланған) үй жануарының табылуы;
4) үй жануарын белгілеу;
5) үй жануарын жансыздандыру;
6) үй жануарының өлімі;
7) үй жануарының жоғалуы;
8) клиникалық тексеру нәтижелері бойынша ауру белгілерін анықтау;
9) ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар (вакцинация, сынама алу, паразиттерге қарсы өңдеу, аллергиялық зерттеулер, зертханалық зерттеулер);
10) үй жануарын көшіру (ұстау орнынан үй жануары тіркелген географиялық деректерге бекіту және басқа ұстау орнына бекіту);
11) үй жануары иесінің өзгеруі;
12) үй жануарлары карантині;
13) үй жануарын өзге де ауыртпалық салуы.
1) иеленуші және (немесе) жауапты тұлға деректер базасында оқиғаларды тіркеу үшін тіркеушіге электрондық түрде өтінім береді;
2) үй жануары иесінің және (немесе) жауапты адамның тіркеушіге үй жануарлары туралы деректерін беруі;
3) үй жануарының жалпы денсаулық жағдайын көзбен қарап тексеру және тіркеушіге белгіленген есепке алу бұйымдарының (құралдарының) бар-жоғын тексеру;
4) деректер базасында үй жануарына тұқымдық сипаттамалар беру;
5) тіркеушілердің есепке алу бұйымдарын (құралдарын) орнатуы;
6) мәліметтерді деректер базасына енгізу;
7) деректер базасында үй жануарына жеке нөмір беру;
1) үй жануарын белсендіру (таңбалау фактісі бойынша):
жануардың тууы;
жануардың импорты;
қараусыз (таңбаланған) үй жануарының табылуы;
үй жануарларына ен салу;
2) үй жануарын сөндіру:
үй жануарларын жансыздандыру;
үй жануарының өлімі;
үй жануарының жоғалуы;
3) клиникалық тексеру нәтижелері бойынша ауру белгілерін анықтау;
4) ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар:
5) үй жануарын көшіру (ұстау орнынан үй жануары тіркелген географиялық деректерге бекіту және басқа ұстау орнына бекіту):
үй жануарының кетуі;
үй жануарының келуі;
6) үй жануары иесінің өзгеруі:
7) үй жануарлары туралы карантині;
8) үй жануарларының басқа да ауыртпалық туралы.
1) үй жануарының асқазан-ішек жолдары бөліміне енгізу арқылы болюстер;
2) чиптерді тері астына енгізу арқылы;
3) білезіктер немесе жағалар не шлейкалар;
4) электрондық белгілер;
5) тамырларды ұстамай, үй жануарының құлағының ортасындағы сырғалар;
6) татуировкалар.
1) үй жануары иесінің – жеке тұлғаның ЖСН, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) немесе БСН және үй жануары иесінің – заңды тұлғаның атауы;
2) үй жануары иесінің – жеке тұлғаның тұрғылықты жері немесе заңды мекенжайы-заңды тұлғаның орналасқан жері;
3) үй жануары иесінің байланыс деректері;
4) үй жануарын ұстайтын орын;
5) үй жануарының түрі, лақап аты, тұқымы, жынысы, түсі, туған күні, жасы;
6) есепке алу бұйымының (құралының) түрі, нөмірі және деректері;
7) үй жануарының жеке нөмірі;
8) жүргізілген вакцинациялау және стерилизациялау туралы ақпарат.
2–параграф. Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі
1) алғашқы үш символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);
2) төртінші-бесінші символдар - осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануардың түрін білдіретін сандық код;
3) алтыншыдан он беске дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір.
1) алғашқы үш символ – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);
2) төртіншіден бесінші символдарға дейін-ұстау орнының түрін білдіретін сандық код;
3) алтыншыдан он беске дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір.
1) бақылаудағы өнімнің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаты (бұдан әрі – рұқсат) бар заңды тұлғаларға қатысты - рұқсаттар және хабарламалар саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
2) үй жануарлары иелерінің атына тіркелген жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге қатысты;
4) жеке тұлғаларға қатысты – сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3–параграф. Үй жануарына қатысты деректер базасында жасалатын іс әрекеттерді тіркеу тәртібі
1) жеке кабинет бойынша жүргізу;
2) үй жануарлары бойынша деректерді жүргізу;
3) ақпараттық іс әрекеттер.
1) жеке кабинетті ашу;
2) жеке кабинет деректерінің өзгеруі;
3) жеке кабинетті жабу.
1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы);
4) деректер базасында ұстау орнының тіркеу нөмірі.
Веб-портал пайдаланушыларына транзакция нөмірін немесе үй жануарының паспортын немесе үй жануарының сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, электрондық сұрау салуға сәйкес үй жануарының паспортын және/немесе үй жануарының (үй жануары иесінің дербес деректерін көрсетпей) мәртебесін тексеру бойынша функция қолжетімді.
Деректер базасына енгізілген (қол жетімді) ақпараттың өзгерістері туралы (түзету, қате енгізу, ақпаратқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу) деректерді деректер базасында сақтайды.
4–параграф. Қол жеткізуді ұсыну тәртібі ақпараттық жүйе
|
|
Қағидаға |
Есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесі
|
№ р/с |
Үй жануарларының атауы |
Үй жануарларының коды |
|
1 |
Ит |
01 |
|
2 |
Мысық |
02 |
|
3 |
Теңіз шошқасы |
03 |
|
4 |
Шиншила |
04 |
|
5 |
Күзен |
05 |
|
6 |
Сәндік егеуқұйрық |
06 |
|
7 |
Тасбақа |
07 |
|
8 |
Ергежейлі шошқа |
08 |
|
9 |
Ұстауға тыйым салынған түрлерден басқа Хомяк |
09 |
|
10 |
Ұстауға тыйым салынған түрлерден басқа маймыл |
10 |
Ескертпе: 3-тен 10-ға дейінгі позициялар ерікті түрде есепке алуға жатады*;
10 позиция Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 85 "Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес*.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК