Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 162 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 мамырда № 28125 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
|
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) аулау қызметі – жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым, сондай-ақ дара кәсіпкерлер және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) жануардың иесі - жануар меншік құқығымен немесе өзгедей заттық құқықпен тиесілі болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
4) жануарға қатыгездікпен қарау – жануардың өліміне, мертігуіне немесе оның саулығына өзге де зиян келуіне алып келген немесе алып келуі мүмкін қасақана іс-әрекет;
5) жануарларды уақытша ұстау пункті – табылған, ауланған қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстау үшін әдейі арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
6) жануарды эвтаназиялау (бұдан әрі – эвтаназиялау) – жануардың ауырсынуын және физикалық қиналуын болғызбай оны дәрі-дәрмекпен жансыздандыру;
7) қаңғыбас жануарлар – иесі жоқ иттер мен мысықтар;
8) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;
9) стерилизациялау – жануарды хирургиялық, дәрі-дәрмекпен не өзге тәсілдермен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру;
10) үй жануарларын есепке алу бұйымдары (құралдары) – үй жануарларын есепке алу үшін пайдаланылатын болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар);
11) үй жануарларын есепке алу жөніндегі деректер базасы (бұдан әрі - деректер базасы) – үй жануарының жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы, үй жануарлары ұсталатын немесе тасымалданатын жылжымайтын мүлік объектілері мен көлік құралдары, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы ақпарат, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған үй жануарларын иелену тарихы туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін электрондық деректер базасы;
12) үй жануарларын есепке алу - үй жануарына жеке нөмір берілгені, тұрғылықты жері көрсетілген оның иесі және жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар туралы мәліметтерді міндетті тіркеу.
2-тарау. Жануарларды аулау
3-тарау. Жануарларды уақытша ұстау пунктінде ұстау
4 тарау. Жануарларды өлтіру
|
|
Жануарларды аулаудың, |
Нысан
Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі
Қағазда жасалған және қорғаныс пленкасына салынған куәліктің мөлшері 54х85 миллиметр болады.
|
Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі (1) |
|
Ұйым атауы (2) |
|
№________ (3) |
|
QR-код (4) |
|
Фотосурет (5) |
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (6) |
|
Берілген күні: __________ ж. (7) |
|
Әрекет ету мерзімі __________ ж. дейін (8) |
|
Осы құжаттың түпнұсқалығын деректер базасы арқылы тексере аласыз (9) |
1-жол – "Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің куәлігі" құжатының атауы көрсетіледі;
2-жол - жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметінің қызметкері жұмыс істейтін ұйымның атауы көрсетіледі;
3-жол – деректер базасында жинақталатын және қалыптастырылатын куәліктің бірегей сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-жол - мөлшері 30х30 сантиметр деректер базасында автоматты түрде туындалатын QR-код түріндегі куәліктің бірегей сәйкестендіру нөміріне арналған орын;
5-жол - жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің өлшемі 3х4 сантиметр фотосуретіне арналған орын;
6-жол - жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандыру қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;
7-жол - күні, айы, жылы форматы бойынша куәліктің берілген күні көрсетіледі;
8-жол - күні, айы, жылы форматы бойынша куәліктің қолданылу мерзімі көрсетіледі;
9-жол – "Осы құжаттың түпнұсқалығын деректер базасы арқылы тексере аласыз" деген жазу көрсетіледі.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК