Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 мамырда № 28149 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
||
|
|
|
||
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
||
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
||
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
||
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға арналған панажайларды есепке алу тәртібін айқындайды.
- Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) жануарларға арналған панажай – тіршілігі мен саулығына қатер төндіретін жағдайға ұшыраған жануарларды, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тәркіленген үй жануарларын (компаньон-жануарларды) ұстауға арналған және жабдықталған мүліктік кешен;
2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті орган – жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жануарларды есепке алу жөніндегі бірыңғай деректер базасы (бұдан әрі – деректер базасы) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығын көздейтін, олар бойынша жануарларды, оқиғалар мен іс-қимылдарды тіркеуге арналған, тиісінше жеке және заңды тұлғаларға қолжетімділік берілетін электрондық деректер базасы.
- Осы Қағидаларда көзделген жануарларға арналған панажайлар жүзеге асыратын барлық іс-әрекеттер Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес деректер базасында тіркеледі, оған қол жеткізу жануарларға арналған панажайлардың иелеріне өтеусіз негізде беріледі.
2 тарау. Жануарларға арналған панажайларды есепке алу тәртібі
- Деректер базасына мәліметтерді енгізуді есепке қою үшін электрондық өтінішті толтыра отырып, жануарлар панасының иесі жүзеге асырады.
- Электрондық өтінішті жануарлар панажайының иесі өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын куәландыра отырып береді.
- Электрондық өтініш келесі мәліметтерді қамтиды:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі не жануарларға арналған панажай иесі болып табылатын заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) жануарларға арналған панажайдың атауы;
3) жануарларға арналған панажай орналасқан жерінің мекен-жайы;
4) жануарларға арналған панажайдың сыйымдылығы;
5) жануарларға арналған панажайдың жабдықталуы туралы мәліметтер;
6) жануарларға арналған панажай мамандарының саны туралы мәліметтер;
7) жануарларға арналған панажайдағы жануарлардың нақты саны.
- Ауданның, облыстың, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жануарларға арналған панажай иесінің электрондық өтінішінде берілген мәліметтерді 3 жұмыс күні ішінде қарайды.
Электрондық өтініште қамтылған мәліметтердің толық еместігі анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтінішті деректер базасында қараудан бас тартады.
- Жергілікті атқарушы органдарының оң нәтижесі болған жағдайда жануарларға арналған панажайға орналасқан жерін көрсете отырып, мынадай белгілері бар тіркеу нөмірі (он төрт символдан тұратын) беріледі:
1) алғашқы үш белгі – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның ISO кодына сәйкес Қазақстан Республикасының коды (үш сан – 398);
2) төртіншіден бесінші белгіге дейін - ұстау орнының түрін білдіретін сандық код;
3) алтыдан он төртке дейінгі символдар – бірегей реттік нөмір.
- Жануарларға арналған панажайды ұстау жөніндегі қызметті тоқтатқан жағдайда, жануарларға арналған панажайы иесі жергілікті атқарушы органға деректер базасына электрондық өтініш беру арқылы қызметін тоқтату жөніндегі қабылданған шешімді хабарлайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК