Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы

 

 

Аса ауылы                                      №697                       2022 жыл 13 желтоқсан

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты

жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің       84, 85-баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының          2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 6-тарауы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптары негізінде Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында мектеп құрылысын салу үшін қосымшаға сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерін мемлекет мұқтажына алып қоюға байланысты, жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажына алып қоюға байланысты, жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыруға және жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Аса ауылы, Абай көшесі, №127, байланыс телефоны 8 (72633) 2-22-69 деп көрсетілсін.
  3. Меншік иелерімен келіссөздерді немесе жер учаскесін сатып алу бойынша келісім шарттарды жүргізу, жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер учаскесін беру туралы және бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру мен жер учаскелерін сатып алу туралы келісім шарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аудару «Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Тоқтасынов) тапсырылсын.
  4. Жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын меншік иелері осы қаулымен келіспеген жағдайда, хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, (қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен) кешіктірмей жергілікті атқарушы органға жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
  5. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялау күнінен үш айдан кейін іске асады.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Жиенқұловқа жүктелсін.

 

 

         Жамбыл ауданының әкімі                                              Е. Қыдыралыұлы

 

Дата публикации
19 декабря 2022