Жамбыл ауданына қарасты  Бесағаш ауылдық округі  Бесағаш ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының Х А Т Т А М А С Ы №15

Жамбыл ауданына қарасты  Бесағаш ауылдық округі  Бесағаш ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері

жиналысының

Х А Т Т А М А С Ы №15

 

   

Бесағаш  ауылы                                                        2022  жылғы 02 желтоқсан

                                                                           

Жиналыс төрағасы:  А.Абдумуталиев

Жиналыс хатшысы:  К.Тунгишева

 

Жиналысқа қатысқандар:

Жергілікті қоғамдастық  мүшелері – 9 адам,

Бесағаш ауылының тұрғындарының саны - 22 адам.

 

Күн тәртібінде:

 

Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш ауылындағы Бульварная                  1-тұйық көшесін – Береке тұйық көшесін, Бульварная 2 - тұйық көшесін – Күлтөбе тұйық көшесін деп қайта атау туралы

  

Тыңдалды: А.Абдумуталиев – Бесағаш ауылдық округінің әкімі: Бүгінгі жиналысқа 9 жергілікті қоғамдастық мүшесі және Бульварная 1,2 - тұйық көшелерінің  тұрғындары  қатысып отыр. Ауылдық округтің әкімдігіне ақсақалдар кеңесі мүшелерінен түскен ұсыныста  Бесағаш  ауылының Бульварная 1- тұйық көшесін – Береке  көшесі,  Бульварная  2-тұйық көшесін Күлтөбе көшесі  деп қайта атаудың қажеттігін сұрған болатын.

         Өздеріңізге белгілі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы қабылданған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көшелердің атаулары өзгертіледі.

Ал Үкіметтің №138 қаулысымен бекітілген атауларды өзгерту тәртібіне сәйкес жаңа атаулар ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп берілуі тиіс.   

Осыған орай, ауылдың қария ақсақалдарының ауылға мемлекетіміздің көпұлттылығын ескере отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсысыңыз өз ойларыңызды ортаға салып, бірауыздан бір шешімге келейік.

 Сөйлеген: А.Ахметов – Бесағаш ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы,  зейнеткер:  Бесағаш ауылдық округінің әкімі біздің жаңа атауды талап ететін көшені қайта атау беру бойынша өткізіп отырған жиналысына алғысымды айтамын. Жер-су атаулары – біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Сол себепті,  атау беруде елді мекен атауының мәнді, мағыналы, жас ұрпаққа ой саларлық салмақты болғаны абзал. Осы ретте, елді мекенге атау беру объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері аясында жұмыстар жүргізілу керектігін ескерген жөн.

        Ойымды қорытындылай келе, жаңа атауды талап ететін Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-тұйық көшесін – Береке тұйық көшесі,  Бульварная  2-тұйық көшесін Күлтөбе тұйық көшесі  деп қайта атауды ұсынамын.

Сөйлеген: Б.Байулиев – Бесағаш ауылының тұрғыны, зейнеткер, ақсақалдар алқасының мүшесі. Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-тұйық көшесін және Бульварная 1-тұйық көшесіне «Береке», «Күлтөбе» деп атауды жөн санаймын. Көпұлтты қазақ елі – бірлігі мен берекесі біте қайнасқан, бірлік пен берекені ұлы жетістіктерге жетелеуші рухани құндылық деп білетін ұлы ел. Бірліксіз тірлік болмайтынын ата-бабамыз ескере отырып, жас ұрпақты әрдайым татулыққа, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға тәрбиелеген. Төрткүл дүниеге танылу, жетістік, жеңіс, абырой, бейбіт өмір – еліміздегі ынтымақ пен бірліктің жемісі. Сондықтан бұл екі 1-тұйық көшеге «Береке», «Күлтөбе» атауларын беру –  берекесі мен бірлігі жарасқан елімізде өте үйлесімді және орынды деп ойлаймын.

    Сөйлеген: Б.Айдарбеков – Түрксіб ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық төрағасы: Күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселенің мәні зор. Себебі, көшелерге жаңа атауды дұрыс беру арқылы келешек ұрпаққа ұлттық болмыс пен ұлттық сананы, тарихымызды ұғындырамыз. Бұл мәселеге ерекше мән берген жөн.

Сөйлеген: Г.Темірболатова - Бесағаш ауылының тұрғыны, Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратының мәдени ұйымдастырушысы: Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болғалы  бері «Тіл туралы» Заң қабылданып, ономастика саласы қарқынды дамуда.   Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.

        Сөйлеген: А.Абдумуталиев – Бесағаш ауылдық округінің әкімі: Жарыс сөз аяқталса, Бульварная 1-тұйық көшесін – Береке тұйық көшесі,  Бульварная  2-тұйық көшесін Күлтөбе тұйық көшесі деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының                              1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын  нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                    2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін  ескеру мақсатында ашық дауысқа салайық.       

Қарсы - жоқ

Қалыс – жоқ

Қолдағандар саны- 22 адам.

 

Ауылдық округ әкімі Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-тұйық көшесін – Береке тұйық көшесі,  Бульварная  2-тұйық көшесін Күлтөбе тұйық көшесі  деп қайта атау туралы ұсынысты көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.

 

Бесағаш ауылдық округінің әкімі

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Бесағаш ауылындағы Бульварная 1-тұйық көшесін – Береке тұйық көшесі,  Бульварная  2-тұйық көшесін Күлтөбе тұйық көшесі деп қайта аталсын.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша ұсыныс облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                               А.Абдумуталиев

 

Жиналыс хатшысы                                                                    К.Тунгишева

 

 

 

 

Дата публикации
05 декабря 2022