Жамбыл ауданына қарасты Айшабибі ауылдық округі Айшабибі ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері
жиналысының
Х А Т Т А М А С Ы
№28
Айшабибі ауылы 2022 жылғы 05 желтоқсан
Жиналыс төрағасы: Ә.Жарлығапов
Жиналыс хатшысы: Г.Айдарбекова
Жиналысқа қатысқандар:
Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 3 адам,
Айшабибі ауылының тұрғындарының саны - 70 адам.
Күн тәртібінде:
Айшабибі ауылдық округіне қарасты Айшабибі ауылындағы Набережная көшесін – Алаш көшесі, Центральная көшесін – Ұлытау көшесі, Садовая көшесін -Тұран көшесі, Рощенская көшесін – Баласағұн көшесі деп қайта атау туралы
Тыңдалды: Ә.Жарлығапов – Айшабибі ауылдық округінің әкімінің орынбасары: Бүгінгі жиналысқа 3 жергілікті қоғамдастық мүшесі және Набережная, Центральная, Садовая, Рощенская көшелерінің тұрғындары қатысып отыр. Ауылдық округтің әкімдігіне ақсақалдар кеңесі мүшелерінен түскен ұсыныста Айшабибі ауылындағы Набережная көшесін – Алаш көшесі, Центральная көшесін – Ұлытау көшесі, Садовая көшесін -Тұран көшесі, Рощенская көшесін – Баласағұн көшесі деп қайта атаудың қажеттігін сұраған болатын.
Өздеріңізге белгілі «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысы қабылданған және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздердің пікірлеріңіз ескеріле отырып көшелердің атаулары өзгертіледі.
Ал Үкіметтің №138 қаулысымен бекітілген атауларды өзгерту тәртібіне сәйкес жаңа атаулар ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп берілуі тиіс.
Осыған орай, ауылдың қария ақсақалдарының ауылға мемлекетіміздің көпұлттылығын ескере отырып сұрап отырған атауларға байланысты әрқайсысыңыз өз ойларыңызды ортаға салып, бірауыздан бір шешімге келейік.
Сөйлеген: Б.Жанысбаев – Айшабибі ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы, зейнеткер: Айшабибі ауылдық округінің әкімі біздің жаңа атауды талап ететін көшені қайта атау беру бойынша өткізіп отырған жиналысына алғысымды айтамын. Жер-су атаулары – біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің көрінісі. Сол себепті, атау беруде елді мекен атауының мәнді, мағыналы, жас ұрпаққа ой саларлық салмақты болғаны абзал. Осы ретте, елді мекенге атау беру объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері аясында жұмыстар жүргізілу керектігін ескерген жөн.
Ойымды қорытындылай келе, жаңа атауды талап ететін Набережная көшесін – Алаш көшесі, Центральная көшесін – Ұлытау көшесі, Садовая көшесін -Тұран көшесі, Рощенская көшесін – Баласағұн көшесі деп қайта атауды ұсынамын.
Сөйлеген: Т.Оршыбеков – Айшабибі ауылының тұрғыны, жергілікті қоғамдастық төрағасы: Күн тәртібіндегі қаралып отырған мәселенің мәні зор. Себебі, көшелерге жаңа атауды дұрыс беру арқылы келешек ұрпаққа ұлттық болмыс пен ұлттық сананы, тарихымызды ұғындырамыз. Бұл мәселеге ерекше мән берген жөн.
Сөйлеген: Қ.Тажибаев - Айшабибі ауылының тұрғыны, Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратының мәдени ұйымдастырушысы: Еліміз егемендігін алып, өз алдына тәуелсіз ел болғалы бері «Тіл туралы» Заң қабылданып, ономастика саласы қарқынды дамуда. Елбасының салиқалы саясатын қолдау мақсатында жаңа атаулардың беріліп отырғандығын өз басым дұрыс деп есептеймін.
Сөйлеген: Ә.Жарлығапов – Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары: Жарыс сөз аяқталса, Набережная көшесін – Алаш көшесі, Центральная көшесін – Ұлытау көшесі, Садовая көшесін -Тұран көшесі, Рощенская көшесін – Баласағұн көшесі деп қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1 тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салайық.
Қарсы - жоқ
Қалыс – 4
Қолдағандар саны- 70 адам.
Ауылдық округ әкімінің орынбасары Айшабибі Набережная көшесін – Алаш көшесі, Центральная көшесін – Ұлытау көшесі, Садовая көшесін -Тұран көшесі, Рощенская көшесін – Баласағұн көшесі деп қайта атау туралы ұсынысты көше тұрғындары көпшілік дауыспен қолдағандығы туралы жария етті.
Айшабибі ауылдық округі әкімінің орынбасары
ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жиналыс төрағасы Ә.Жарлығапов
Жиналыс хатшысы Г.Айдарбекова