Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жамбыл ауданы әкімдігінің қаулысы

 

 

Аса ауылы                                      №651                  2022 жыл 15 қараша

 

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты

жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің       84, 85-баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының          2011 жылғы 01 наурыздағы Заңының 6-тарауы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптары негізінде Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Айша бибі» оқу-жаттығу полигонына дейін кірме жол салу үшінқосымшаға сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерін мемлекет мұқтажынаалып қоюға байланысты, жер учаскелерінмәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын.
  2. Мемлекет мұқтажына алып қоюға байланысты, жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыруға және жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Аса ауылы, Абай көшесі, №123, байланыс телефоны 8 (72633) 2-22-69 деп көрсетілсін.
  3. Меншік иелері мен жер пайдаланушылармен келіссөздерді немесе жер учаскесін сатып алу бойынша келісім шарттарды жүргізу, жер учаскелерінің орнына тең бағалы жер учаскесін беру туралы және бағалау бойынша іс-шараларын ұйымдастыру мен жер учаскелерін сатып алу туралы келісім шарттарындағы көрсетілген қаражаттарды уақытылы аудару «Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Б.Тоқтасынов) тапсырылсын.
  4. Жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын меншік иелері мен жер пайдаланушылар осы қаулымен келіспеген жағдайда, хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, (қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен) кешіктірмей жергілікті атқарушы органға жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
  5. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялау күнінен үш айдан кейін іске асады.

         6.Осы қаулының орындалуын бақылау ауданәкімінің орынбасары Н.Несіпбековке жүктелсін.

 

 

         Жамбыл ауданының әкімі                                              Е. Қыдыралыұлы

Дата публикации
15 ноября 2022