Жамбыл ауданы әкімдігінің тиісті бөлімдері және ауылдық округ әкімі аппараттары арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2022 жылдың ІІІ тоқсанға талдау анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы                            18 қыркүйектегі №983 қаулысына сәйкес, аудан бойынша              63 қызмет түрі көрсетілетіні белгіленген.

Жамбыл ауданы әкімдігінің бөлімдері мен ауылдық округтер тарапынан ағымды жылдың 9 айында 48 қызмет түрі бойынша 20 281 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  • Қағаз түрінде – 3 (00,2%), (1 қызмет түрінен);
  • Баламалы негізде қағаз түрінде – 6 062 (29,8%), (18 қызмет түрінен);
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 4 573 (22,5%), (19 қызмет түрінен);
  • «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «е-лицензиялау» веб-порталы арқылы – 5 623 (27,7%), (17 қызмет түрінен);
  • Ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталын gov. kz, қоспағанда көрсетілгендер саны – 4020 (19,8%), (6 қызмет түрінен).
Дата публикации
06 октября 2022