ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 28 тамызда Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы екі сайлау округі бойынша өтті.

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Бесағаш сайлау округі

Бесағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4176 азамат енгізілді, олардың 1361 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 22, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдумуталиев А.Б. - 732; Абенов О.Б. - 577; Тоқсаба Ж.Ж. - 17.

Бесағаш ауылдық округінің әкімі болып Абдумуталиев Алга Балабекович сайланды, 1975 жылы туған, Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Тараз қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Өрнек сайлау округі

Өрнек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1491 азамат енгізілді, оның 1063 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 23, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Коскелбаев Д.Е. - 286; Темешбаев К.Б. - 751.

Өрнек ауылдық округінің әкімі болып Темешбаев Канат Базарбекович сайланды, 1969 жылы туған, «Аса-су» ШЖҚ КМК директорының орынбасары, Өрнек ауылдық округінің Өрнек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
31 августа 2022