Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының
2022 жылғы «28» тамызға тағайындалған Жамбыл ауданы Бесағаш және Өрнек ауылдық округтері әкімдері сайлауына тіркелген кандидаттардың кандидатураларын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Бесағаш және Өрнек ауылдық округтері әкімдері сайлауына тіркелген кандиттардың 2022 жылғы 25 тамыздағы өз кандидатураларын алып тастау туралы берген жазбаша өтініштері негізінде Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы келесідей кандидаттарды тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Досманбетова Айнур Джамбыловна, 1974 жылы туған, Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Айбалта Лесхан Ерланұлы, 1992 жылы туған, Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының Бесағаш және Өрнек ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген кандидаттардың кандидатураларын алып тастау туралы 2022 жылғы 25 тамыздағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы