Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының
2022 жылғы «28» тамызға тағайындалған Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-6-бабының 1-тармағына сәйкес Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандиттың 2022 жылғы 23 тамыздағы өз кандидатурасын алып тастау туралы берген жазбаша өтініші негізінде Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидатты тіркеу туралы шешімінің күшін жойды:
Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округі әкімі сайлауына тіркелген кандидат - Мантеев Азиз Сагатбекович, 1960 жылы туған, Жамбыл ауданы Өрнек ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Өрнек ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидаттың кандидатурасын алып тастау туралы 2022 жылғы 23 тамыздағы хаттамасы облыстық сайлау комиссиясына жолданды.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы