Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп
бөлімінің 7 айда атқарған жұмыстары
Өнеркәсіп өнімі
2022 жылдың 7 айының қорытындысымен ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 12,2 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,3% құрады.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі 780,9 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 100,0% құрады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 9,1 млрд.теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 104,8% құрады.
Негізігі капиталға салынған инвестиция
2022 жылы 7 айдың қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 18,5 млрд теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,2% орындалды.
Бөлшек сауда
Бөлшек сауда көлемі 6,5 млрд теңгеге немесе 127,8%, ал көтерме сауда көлемі 24,4 млрд теңгеге немесе 236,6% орындалды.
2022-2025 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалар
Ауданда 2022-2025 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылған. Қазіргі таңға құны 23,7 млрд теңгеге 6 жоба белгіленген.
2022 жылы аудан аумағында жалпы құны 4,5 млрд теңгеге 4 жоба іске асырылуда.
Ақпарат үшін:
«АЕС АСА» ЖШС «Айша» күн сәулелі электр станциясы мен «Мақтаарал» жол бойындағы қызметкөрсету нысаны пайдалануға берілді. Жоба құндары 20,0 млрд және 200 млн теңге тиісінше.
Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бағдарламасы
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыстың индустриалды даму картасына 2021-2022 жылдары аудан тарапынан бес жоба енгізілді. 2021 жылы екі жоба іске қосылды / «Аса агро» ЖШС, «Аса Даму» ЖШС/.
2022 жылы іске қосылады деп жоспарланып отырған «Ерсад 2021» ЖШС тігінді емес материалдарыншығару цехының құрылысы» жобасы. Жоба құны 1,6 млрд теңге. 2023 және 2025 жылдарға іске асырылуы жоспарланған екі жоба / «Генезис» ЖШС жылыжай кешені, «Оргстрой» ЖШС гипстан тамақ қоспаларын шығару цехы/.
Шағын және орта бизнес субьектілері туралы
2022 жылдың 1-ші тамызына ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 5430 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,0% артқан.
Анықтама:
-Жеке кәсіпкерлер – 2885 субъект;
-Шаруа қожалықтар – 2299 субъект;
-Заңды тұлғалар – 245 субъект.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 2022 жылдың 7 айыны 7191 адамнан құрап, жыл басымен салыстырғанда 2,6% өскен.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айлар аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 6,1 млрд.теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 132,6 % құрады.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында ағымдағы «Бизнестің Жол картасы 2025» бағдарламасымен кәсіпкерлерге қолдауар көрсетілуде. Бағдарламаның:
«Сана» шаруа қожалығына электр және газ желісін тарту жобасы аумақтық үйлестіру кеңесінен жолданып, шешімін алды. Жоба құны 47,0 млн теңге.
«Алтын бұлақ» шаруа қожалығына электр энергиясын тарту жоспарлануда, аумақтық үйлестіру кеңесінен жолданып, шешімін алды. Жоба құны 23,5 млн.теңге.
«Жергілікті қамту» үлесі бойынша
Бұл жерде: