|
Жамбыл облысы әкімдігінің Жамбыл облысы, Тараз қ., Абай даңғылы, 125 2022 жылғы 29 шілдедегі № 165 |
Жамбыл облыстық мәслихаты Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 2022 жылғы 29 шілдедегі № 19-5 |
БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫСЫ МЕН ШЕШІМІ
Жамбыл облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:
Жамбыл ауданы Қарой ауылдық округінің Пригородное ауылы Сұлутөр ауылына;
Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің Буденое ауылы Арыстанды ауылына;
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің Үшарал ауылы Әбілда ауылына;
Талас ауданы Саду Шәкіров ауылдық округінің Амангелді ауылы Тамабек ауылына.
|
Жамбыл облысының әкімі
|
Н.Нуржигитов
|
|
Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы
|
М. Сарыбеков
|