Жамбыл аудандық сайлау комиссиясының тіркеу туралы хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 - бабы, 9 тармағына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Жамбыл ауданы Бесағаш және Өрнек ауылдық округтеріне әкімдікке ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Бесағаш ауылдық округіне Абенов Олжас Бакытжанович, 1986 жылы туған, жұмыссыз, Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Бесағаш ауылдық округіне Абдумуталиев Алга Балабекович, 1975 жылы туған, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы Тараз қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Бесағаш ауылдық округіне Досманбетова Айнур Джамбуловна, 1974 жылы туған, Полатқосшы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Бесағаш ауылдық округіне Тоқсаба Жандар Жамбылұлы, 1990 жылы туған, Жастар ресурстық орталығының директоры, Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Өрнек ауылдық округіне Темешбаев Канат Базарбекович, 1969 жылы туған, «Аса-су» ШЖҚ КМК директорының орынбасары, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан кандидаттыққа ұсынылды;
Өрнек ауылдық округіне Айбалта Лесхан Ерланұлы, 1992 жылы туған, Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-әскери есеп жүргізушісі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Өрнек ауылдық округіне Коскелбаев Даурен Ергалиулы, 1990 жылы туған, Жамбыл ауданы әкімдігі қаржы бөлімінің бас маманы, Жамбыл ауданы Аса ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;
Өрнек ауылдық округіне Мантеев Азиз Сагатбекович, 1960 жылы туған, Өрнек ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Өрнек ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы